Атырау, 18 мамыр 15:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

РБК: Путин президент сайлауына түсетінін "нақтылады"

2 380 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы өтетін президент сайлауына "қатысатынын нақтылады" деп хабарлады федералдық шенеунікке сілтеме жасаған ресейлік РБК агенттігі.

Кремльде Путиннің президент сайлауына түсу ниетін қашан және қалай жариялайтынына қатысты бірнеше сценарий бар. Агенттік дереккөзіне қарағанда, бұл Федерация кеңесі сайлау белгілеген кезде немесе содан кейін болады. Заң бойынша, сайлау кампаниясын бастау бастау туралы шешім 7-17 желтоқсан аралығында қабылдануы тиіс. Кремльге жақын дереккөзінің айтуынша, Путин сайлауға түсетіні туралы "Единая Россия" партиясы мен "Бүкілресейлік халықтық майдан" қозғалысының желтоқсанның екінші жартысына белгіленген съезіне дейін жариялауы мүмкін. Тағы бір сценарий бойынша, Путин сайлауға түсетіні жайлы қаңтардың басында хабарлайды.

13 қарашада ғана Кремльде Путиннің Федералдық кеңеске жолдауын желтоқсаннан ақпанға ауыстыру жайын талқылап жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы президент әкімшілігіне жақын дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Бұны Кремльге жақын тағы екі дереккөзі растаған. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ақпаратты растап, я жоққа шығармады.

Басылым сарапшылары жолдау жасау мерзімін өзгерту Путиннің президенттік кампаниясымен байланысты болуы мүмкін екенін айтады.

Ресей президент сайлауы 2018 жылы наурызда өтеді. Президент сайлауына түсетіні туралы бұған дейін оппозициялық саясаткер Алексей Навальный, Ресей либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский, "Яблоко" партиясын құрған Григорий Явлинский, тележүргізуші, өзін "барлық кандидатқа қарсы кандидат" деп жариялаған Ксения Собчак мәлімдеген. Ресей Орталық сайлау комиссиясы Навальный бұрын сотталғандықтан сайлауға түсе алмайтынын ескерткен.

Владимир Путин кезекті рет президент сайлауына түсетінін әзірге жария еткен жоқ.

Дереккөз: Азаттық

13 қараша 2017, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.