Атырау, 29 қараша 01:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ұлыбритания "Касперский лабораториясы" тыңшылық жасады деп күдіктенеді

1 898 просмотра


Ұлыбританияның ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне жауапты барлау қызметі елде ресейлік "Касперский лабораториясы" компаниясының антивирустық бағдарламалары таралып жатқанына алаңдайды. Financial Times басылымының Ұлыбритания үкіметі өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, Ұлыбританияның үкіметтік байланыстар басқармасы Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) бұл компания өнімдерін тыңшылық жасауға пайдаланады деп күдіктенеді. Мысалы, үкімет қызметкерлері немесе әскерилерге тыңшылық жасалу қаупі төнген.

Өзінің екі миллион клиентіне "Касперский лабораториясының" антивирустық бағдарламаларын тегін пайдалануға ұсынатын Bank Barclays ресейлік компаниямен ынтымақтастығын үзбек. Дегенмен, банк мәліметтерінің әшкере болып кеткені туралы мәлімет те әзірге шыққан жоқ. Ал "Касперский лабораториясы" тағылған айыптардың барлығын терістейді.

18 қыркүйекте АҚШ сенаты федералдық мекемелерге "Касперский лабораториясы" өнімдерін қолдануға тыйым салған. Компания басшысы Евгений Касперский бұған жауап ретінде компаниясының "Ресей аврнайы қызметіне де, басқа үкіметтік органдарға да қатысы жоғына барлық дәлелін" көрсетуге уәде берген. Компания бұған қоса 2018 жылдың басында тәуелсіз сарапшылар тексере алуы үшін бағдарламаларының әуелгі коды мен келешекте жаңартылатын кодын жария етуге де уәде берген.

Дереккөз: Азаттық

13 қараша 2017, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.