Атырау, 29 қараша 01:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Сүрия «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымынан азат етілді

3 144 просмотра


Сүрия әскері ел аумағын толықтай «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымынан азат еткендігін мәлімдеді – деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда Сүрия әскері мен оның жақтастары «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының иелігіндегі соңғы Альбу-Камаль қаласы үшін күрес жүргізуде. Бұған дейін қазан айында Башар Асад армиясы Сүриядағы «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының астанасы саналатын Ракка қаласын азат еткен болатын. Ал шілде айында Ирак қарулы күштері өз аумағындағы Мосул қаласын лаңкестер иелігінен қайтарып алған. Батыс елдері әскери сарапшыларының сөзінше, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының Ирак пен Сүрия аумағында жеңіліс табуы соғыс аяқталды деген сөз емес. Олар енді соғыстың партизандық тәсіліне көшетін болады және қайта күш алу үшін Таяу Шығыстағы келесі бір тұрақсыздықты ұтымды пайдалануға тырысады. 

Жалпы аталмыш аймақтағы соғыс жақын уақытта аяқталмайтынын көптеген сарапшылар да айтуда. Себебі бір жағында Иран, Ресей, Түркия бастаған шииттер, ал екінші жағында Сауд Арабиясы, АҚШ және Батыс елдерінің қолдауындағы сүнниттер Таяу Шығыста өз мүдделері үшін әлі талай қан төгетін болады.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

10 қараша 2017, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.