АҚШ Нью-Йорктегі дүниежүзілік сауда орталығының екі мұнарасына жасалған шабуылдан кейін, шетелдегі соғысқа 4,3 триллион доллар қаржы жұмсаған екен. Бұндай тұжырымды Браун университетінің Уотсон халықаралық зерттеулер институтының баяндамасының авторлары жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Құжатта көрсетілгендей, қазіргі қақтығыстардың қарқынымен АҚШ-тағы шығындардың көлемі 2018 жылы 5,6 триллион болады деп отыр.
Триллионға жуық қаржы әскерилерді емдеу бойынша міндеттемелерді орындауға жұмсалады.
Соңғы 16 жылда әрбір американлық салық төлеуші АҚШ-тан тыс жерде соғыс жүргізу үшін орта есеппен 23 368 доллар төлеген.
Баяндама авторлары Пентагонның есептеуі неғұрлым аз деп отыр. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, АҚШ 11 қыркүйектегі терактіден кейін соғысқа 1,52 триллион доллар жұмсаған. Сонда әрбір салық төлеуші орта есеппен 7 340 доллар төлеген.
8 қараша күні АҚШ конгресі 2018 жылға арналған соғыс шығындарын келісті. Ол 700 миллиард долларды құрады. Оның 4,6 миллиарды Европада Ресейді «ұстау» үшін жұмсалмақ.
Дереккөз: Baq.kz