Атырау, 18 мамыр 14:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ҚШ арнайы қызметінің экс-басшылары: Путин Трампқа қулық жасап отыр

1 537 просмотра

Бывший директор ЦРУ Джон Бреннан. Фото: Global Look Press

ЦРУ-дың бұрынғы директоры Джон Бреннан мен Ұлттық барлау қызметінің бұрынғы директоры Джеймс Клэппер президент Дональд Трамп егер Ресей президенті Владимир Путиннің "Ресей өткен жылғы АҚШ-тағы президент сайлауына киліккен жоқ" деген сөзіне сенсе, онда кіммен сөйлесіп жүргенін білмейді деген пікір білдірді. Бреннан мен Клэппер бұл туралы CNN-нің жексенбідегі ақпараттық хабарында айтты. 

"Трамп я тым аңғал, я Путинде өзіне қарсы әлдебір компромат болуы мүмкін деп қауіптенеді, не болмаса арнайы прокурор оны әлденеге айыбын ашады деп қорқады, бірақ ол Мәскеумен қарым-қатынасты дұрыс құрып отырған жоқ" деді Бреннан.

Клэппердің пікірінше, "қытайлықтар мен ресейліктер Трампқа сыртымен ғана құрмет білдіріп, оған қулық істеп отыр, ал Трамп олардың арбауына түсіп қалып отыр". Трамп кеше Азияға сапарында өзімен бірге жүрген журналистерге Путин өзіне Ресейдің АҚШ сайлауына килікпегені туралы тағы да мәлімдегенін және оған сенетінін хабарлаған. "Путин мұндай айыптаулардан қорланып отыр және ол Америка үшін жақсы емес" деген Трамп.

11 қарашада Трамп Бреннан, Клэппер және Федералдық тергеу бюросының бұрынғы директоры Джеймс Комиді "жылпос" деп атап, олардың Ресей АҚШ сайлау кампаниясына белсенді түрде килікті деген тұжырымына күмән келтірген. Бірақ, қатаң сынға ұшыраған Трамп райынан қайтып, ертесі күні өзі тағайындаған арнайы қызмет басшыларына сенетінін мәлімдеді.

Бреннан 12 қарашада берген сұхбатында өзі үшін Трамптың сыны "құрмет белгісі" екенін мәлімдеді. Ал Клэппер Трамптың Ресейдің килігуін терістеуі "Америкаға қауіп төндіретінін" айтты.

Дереккөз: Азаттық

13 қараша 2017, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.