Йеменде әлемде болмаған ашаршылық болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.
БҰҰ бас хатшысының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Марк Лоукок Йеменнің үлкен қауіптің алдында тұрғанын айтады. Бұған себеп, Сауд Арабиясы блокаданы алып тастамайынша және өңірге гуманитарлық көмекті жеткізу қалыптастырмаған жағдайда Йеменде әлемдегі соңғы бірнеше он жылдықта болмаған ашаршылық болады.
"Осы шаралар іске аспаған жағдайда... Йеменде ашаршылқы болады. Бұл 2011 жылы Сомалиде 250 мың адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғадан әлде қайда асып түсуі мүмкін. Бұл әлемдегі соңғы бірнеше онжылдықта болмаған ашаршылық болады, оның құрбандары миллионнан асып кетуі мүмкін", - деді БҰҰ өкілі журналистерге берген сұхбатында.
Дереккөз: Тengrinews.kz