Атырау, 29 қараша 01:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

АҚШ апелляция соты Трамптың миграция туралы жарлығын жартылай қолдады

2 089 просмотра


АҚШ-тың апелляциялық соты президент Дональд Трамптың Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Чад мемлекетінің азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салатын соңғы жарлығы күшіне енуіне рұқсат берді. 13 қарашада шыққан сот шешімі Трамптың 24 қыркүйекте шығарған жарлығының Иран мен жоғарыда аталған өзге ел азаматтарына егер олардың АҚШ-пен жақын байланысы болмаса елге кіруіне тыйым салатын бөлігін қолдады.

"Жақын байланысы бар" деп АҚҚ-та жақын туысы тұратындар және АҚШ-та орналасқан университет және қоныстандыру агенттіктері сияқты құйымдармен "шартты түрде, құжатпен дәлелденетін" байланысы бар азаматтар саналады.

Америкалық ұйымдармен, америкалықтармен, оның ішінде осы елде ата-анасы, ата-әжесі, немересі, жұбайы, немере бауырлары бар алты ел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне рұқсат беріледі. Апелляциялық сот шешімі Гаваи штаты округтік сотының өткен айда президент жарлығының күшін уақытша тоқтатқан шешімін жойды.

АҚШ әділет министрлігінің ресми өкілі үкімет апелляциялық сот шешімі негізінде жарлықты орындауға кірісетінін мәлімдеді.

Гаваи бас прокуроры, тыйымға сотта қарсы шыққан Дуглас Чин "АҚШ-пен отбасылық байланысы барлардың, оның ішінде ата-әжелерінің құқығы құрметтелетініне ризамын" деді.

Дереккөз: Азаттық

14 қараша 2017, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.