Атырау, 29 қараша 01:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Макрон: АҚШ Иранды ядролық қару жасауға итермелеуде

3 052 просмотра

Фото: Time

АҚШ Иранды ядролық қару жасауға итермелеуде – деп мәлімдеді Франция президенті Эммануэль Макрон. Time журналына берген сұхбатында Франция президенті Эммануэль Макрон Иранның ядролық қаруы жайында пікір білдірді. 

Ол онда: «Егер Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде барлық келіссөздерді тоқтататын болсақ, онда біз оның орнында екінші Солтүстік Кореяны көретін боламыз. Егер сіздер 2015 жылы қол жеткізген келісімнің күшін жойсаңыздар оны немен алмастырасыздар? Соғыс ашасыздар ма? Иранды шабуылдайсыздар ма? АҚШ-тың 2015 жылы қол жеткізген Иранмен арадағы келісімді бұзамын деуі бұл аймақты үлкен тұрақсыздыққа және Тегеранның ядролық бағдарламасын одан ары күшейтуіне алып келеді» - деген. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ Иранды 2015 жылғы ядролық келісім шарттарын орындамады деп айыптап, келісім құжатын қайта қарау керектігін айтқан болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


10 қараша 2017, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.