Атырау, 25 желтоқсан 18:52
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Барлық жаңалық

Биыл Қазақстан экономикасы 4,5 пайызға өседі – Е.Досаев Қазақстанда

Биыл Қазақстан экономикасы 4,5 пайызға өседі – Е.Досаев

Қазақстан экономикасы 2014 жылы 4,5% өседі деп болжанып отыр. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 17 маусым 2014, 16:25 6 441 рет қаралды
Қазақстанда халықаралық пойыздар билетіне жеңілдік қарастырылды Қазақстанда

Қазақстанда халықаралық пойыздар билетіне жеңілдік қарастырылды

Бірінші тамыздан бастап, халықаралық пойыздарға билетті алдын ала сатып алуда жолаушылар үшін жеңілдіктер қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 17 маусым 2014, 14:51 1 610 рет қаралды
Ресей Украинаға қатысты тағы бір қарар ұсынды Әлемде

Ресей Украинаға қатысты тағы бір қарар ұсынды

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистердің қақтығыстарын реттеу және гуманитарлық ахуалды жақсарту жөнінде жаңа қарар ұсынды. Ресей Украинадағы дағдарысқа қатысты бұған дейін де екі рет қарар ұсынып, онысы Қауіпсіздік кеңес мүшелерінің қарсылығына ұшыраған. 17 маусым 2014, 14:49 2 205 рет қаралды
Бас прокурор: 2013 жылы Қазақстанға шетелден 200 млн. доллар қайтпай қалған Қазақстанда

Бас прокурор: 2013 жылы Қазақстанға шетелден 200 млн. доллар қайтпай қалған

2013 жылы Қазақстанға шетелден 200 млн. доллар қайтпай қалған. Бұл туралы бүгiн Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлiм еттi. 17 маусым 2014, 14:45 1 268 рет қаралды
Петропавлда университет ұстазы із-түзсіз жоғалып кетті Қазақстанда

Петропавлда университет ұстазы із-түзсіз жоғалып кетті

Петропавлда университет оқытушысы із-түзсіз жоғалып кетті. Полицейлер, туған-туыс пен волонтерлердің 38 жасар Ербұлан Стабаевты іздеп жатқандарына бір апта болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 17 маусым 2014, 14:35 1 300 рет қаралды
Тағылған айыбы дәлелденген жағдайда Рахат Әлиев Венада өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін- БАҚ Қазақстанда

Тағылған айыбы дәлелденген жағдайда Рахат Әлиев Венада өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін- БАҚ

Қазақстанда адам өлтіргені үшін және билікті зорлықпен басып алуға әрекеттенгені үшін 40 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған республика президентінің бұрынғы күйеу баласы, Венада маусымның басында ұсталған  Рахат  Әлиев Австрия заңдар бойынша кінәсі  дәлелденген жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп жазада Deutsche Welle газеті‎. 17 маусым 2014, 14:32 2 295 рет қаралды
Жер кіндігіне саяхат Басқа жаңалықтар

Жер кіндігіне саяхат

Қазақстан көмірсутек қорларын іздеп табу бойынша аса терең бұрғылаудан дүниежүзілік рекорд орнатуға ниетті. 2015 жылы Атырау облысында (шамамен Батыс Қазақстан облысымен шектесетін жерде) барлау ұңғымасын тереңдігі 15 шақырымға дейін бұрғылау жұмыстары басталмақ. Жоба «Еуразия» деп аталады, оны Айға зымыран ұшырғанмен салыстыруға болады... 17 маусым 2014, 09:40 4 848 рет қаралды
Әңгімелесу тәубе жасау емес Басқа жаңалықтар

Әңгімелесу тәубе жасау емес

HeadHunter зерттеу агенттігі мың жарымға жуық жұмыс берушілерден сауалнама алып, жұмыс іздеушілермен әңгімелесу кезінде өзіңнің келеңсіз мінез-құлықтарың жөнінде ашық айту қажет пе, оның зардабы қандай болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап іздеді. 17 маусым 2014, 15:35 7 922 рет қаралды
Төтенше жағдай 17 маусым күнгі сағат 15.00-ге дейін ұзартылды Басқа жаңалықтар

Төтенше жағдай 17 маусым күнгі сағат 15.00-ге дейін ұзартылды

Облыста Каспий теңізі деңгейінің көтерілуіне және Атырау қаласы мен Исатай ауданы жағалау аумақтарының суға кету қаупіне байланысты енгізілген төтенше жағдай 17 маусым күнгі сағат 15.00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы ТЖД баспасөз хатшысы Самал АБИРОВА хабарлады.  17 маусым 2014, 10:14 3 113 рет қаралды
Украинадағы жағдай: Луганскінің 600 тұрғыны Ресейге эвакуацияланады Әлемде

Украинадағы жағдай: Луганскінің 600 тұрғыны Ресейге эвакуацияланады

Украинадағы жағдай дәл қазір ушығып тұр. Луганск және оған жапсарлас жатқан елді мекендердің шамамен 600 тұрғыны Ресейдің Воронеж облысына эвакуацияланбақшы, - деп хабарлайды өз-өзін Луганск халықтық республикасы деп жариялаушылардың Жоғарғы кеңесі аппаратының жетекшісі Лия Коваленкоға сілтеме жасаған РИА Новости. 17 маусым 2014, 09:32 1 670 рет қаралды
Жұмысшылардың демалысын ойлайтын компанияларға салық жағынан жеңілдік беру керек - ҚТҚ Қазақстанда

Жұмысшылардың демалысын ойлайтын компанияларға салық жағынан жеңілдік беру керек - ҚТҚ

Мемлекет қазақстандық компаниялар үшін қызметкерлердің демалысын төлеуге қажетті жағдай жасай білуі керек, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Қазақстанның туристік қауымдастығының директоры Рашида Шәйкеноваға сілтеме жасап. 17 маусым 2014, 09:29 1 340 рет қаралды
Қадыров Украина СІМ басшысына аяққа жығылып кешірім сұрауға кеңес берді Әлемде

Қадыров Украина СІМ басшысына аяққа жығылып кешірім сұрауға кеңес берді

"Шешен елінің басшысы Рамзан Қадыров өзінің Instagram парақшасында Украина СІМ басшысы Андрей Дешицаның Ресей президенті Владимир Путиннің атына айтқан бейәдеп сөздеріне қатысты түсініктеме жазған" деп хабарлайды Tengrinews.kz. 17 маусым 2014, 09:24 1 711 рет қаралды
Шыңжаңда 13 адамға өлім жазасы орындалды Әлемде

Шыңжаңда 13 адамға өлім жазасы орындалды

16 маусым күні Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында терроризм және зорлық-зомбылық жасау айыптары тағылған он үш адамға өлім жазасы орындалды. Үкіметтік Xinhua агенттігінің хабарлауынша, он үш адамның жеті қылмысқа қатысы бар делінеді. 17 маусым 2014, 09:21 1 894 рет қаралды
Обама америкалық азаматтарды қорғау үшін Иракқа 275 әскери қызметшіні жөнелтпек Әлемде

Обама америкалық азаматтарды қорғау үшін Иракқа 275 әскери қызметшіні жөнелтпек

АҚШ президенті Барак Обама конгреске Бағдаттағы елшіліктің және америкалық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иракқа 275 әскери қызметшіні жөнелтуді көздеп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы РБК хабарлайды. 17 маусым 2014, 09:11 2 159 рет қаралды
Оңтүстік Кореяда суға кеткен «Севол» паромының командасына қатысты сот жүріп жатыр Әлемде

Оңтүстік Кореяда суға кеткен «Севол» паромының командасына қатысты сот жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяда сәуірде суға батқан паромның 15 экипаж мүшесіне қатысты алдын ала тыңдау жүріп жатыр. Сейсенбі күні айыпталушылар Кванджуда сот алдына келді, деп хабарлады Би-би-си. 17 маусым 2014, 09:10 1 594 рет қаралды
Келер жылы ХҚКО арқылы 32 түрлі қызмет ұсынылатын болады Қазақстанда

Келер жылы ХҚКО арқылы 32 түрлі қызмет ұсынылатын болады

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің қатарына ҚР аумағынан шетелге тұрғылықты тұруға кетуге арналған  құжатты рәсімдеу, жетім балаларды қамқорлыққа алуды рәсімдеу еніп отыр. 17 маусым 2014, 09:08 3 261 рет қаралды
Киевтің сыртқы қарызы 550 млн долларға жетті Әлемде

Киевтің сыртқы қарызы 550 млн долларға жетті

Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігі сыртқы қарызының 550 миллион долларға жеткенін хабарлады. Бұл туралы аппарат отырысы барысында Киев әкімшілігі төрағасының орынбасары Руслан Крамаренко мәлімдеді, деп ақпарат таратты BNews.kz-тің Киевтегі меншікті тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 16 маусым 2014, 17:23 2 352 рет қаралды
Бауыржан Байбек күмәнді статистика үшін облыс әкімдері жазаланатынын ескертті Қазақстанда

Бауыржан Байбек күмәнді статистика үшін облыс әкімдері жазаланатынын ескертті

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы жайында күмәнді статистика үшін партияның өңірлік филиалдарының басшылары - облыс әкімдеріне қатаң тәртіптік шаралар қолданылады. Бұл туралы бүгін Партиялық бақылау комитетінің отырысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті. 16 маусым 2014, 15:39 1 625 рет қаралды
Балаларға қысым көрсетуге болмайды - ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов Қазақстанда

Балаларға қысым көрсетуге болмайды - ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов

Балаларға қысым көрсетуге болмайды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг барысында ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов айтып, министрліктен кешірім сұраған оқушы туралы өз пікірін жеткізді. 16 маусым 2014, 15:37 1 466 рет қаралды
2020 жылға дейін туризмге тартылған жеке инвестиция 6 млрд долларға жетуі мүмкін Қазақстанда

2020 жылға дейін туризмге тартылған жеке инвестиция 6 млрд долларға жетуі мүмкін

2020 жылға дейін туризм саласына тартылған жеке инвестиция 6 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 16 маусым 2014, 14:56 2 517 рет қаралды
Қытайда балалардың қорғасынмен жаппай улануына байланысты химиялық зауыт жабылды Әлемде

Қытайда балалардың қорғасынмен жаппай улануына байланысты химиялық зауыт жабылды

Қытайдың Хунань орталық провинциясында химиялық зауыттардың бірі жұмысын тоқтатты. Оған жүздеген жергілікті баланың қорғасынмен улануы себеп болған, деп хабарлайды Синьхуа. 16 маусым 2014, 14:54 1 683 рет қаралды
Украинадағы қақтығыстарға қатысып жатқан қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ Қазақстанда

Украинадағы қақтығыстарға қатысып жатқан қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Украина территориясындағы қарулы қақтығыстарға Қазақстан азаматтарының қатысуы туралы ешқандай мәлімет келіп түспеген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді. 16 маусым 2014, 14:41 2 365 рет қаралды