АҚШ президенті Барак Обама конгреске Бағдаттағы елшіліктің және америкалық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иракқа 275 әскери қызметшіні жөнелтуді көздеп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы РБК хабарлайды.
Бұл қадамға АҚШ әкімшілігі ислам содырларының Ирактың солтүстік бөлігін жаулап алып, бақылауда ұстап отыруынан кейін барған.
«Бұл күштер қажет болған жағдайда Америка азаматтарын және мүлікті қорғау мақсатында жөнелтіледі, және де олар әскери ұрыстар жүргізу үшін қажетті керек-жарақпен қамтамасыз етілген», - деп көрсетті Обама заң шығарушыларға жолдаған хатында.
Дереккөз: bnews.kz
17 маусым 2014, 09:11
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.