Атырау, 25 қараша 11:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2020 жылға дейін туризмге тартылған жеке инвестиция 6 млрд долларға жетуі мүмкін

2 419 просмотра

2020 жылға дейін туризм саласына тартылған жеке инвестиция 6 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Туризмді дамытудың 3 сценарийі бар. Бірінші, егер бұл сала бүгінгідей дамитын болса, яғни мемлекеттің қолдауы бар, бірақ үлкен емес, онда 2020 жылға дейін 2 млрд доллар жеке инвестиция тартылады деп болжап отырмыз. Туризмнің жалпы ішкі өнімдегі үлесі бір пайызды құрайды, 50-60 мың жұмыс орны құрылады. Туризмді дамытудың екінші нұсқасы, мемлекеттік-жеке меншік серістестік тиісті деңгейде болса, бұл салаға 4-4,5 млрд доллар жеке инвестиция тартылады деп күтілуде», - деді Ә.Исекешев.

Туризмнің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 1,5 пайызға жетіп, 150-170 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр.

«Бұл мейлінше шындыққа жанасатын нұсқа. Дегенмен, біз үшінші нұсқаға тырысамыз, яғни жалпы ішкі өнімдегі үлесті 3 пайызға жеткізіп, салаға 6 млрд доллар жеке инвестиция тартып, 300 мыңға дейін жұмыс орнын құрамыз», - деп қосты министр.

Дереккөз: bnews.kz

 

16 маусым 2014, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.