2013 жылы Қазақстанға шетелден 200 млн. доллар қайтпай қалған. Бұл туралы бүгiн Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлiм еттi.
Жиын барысында Бас прокурор қаржы мониторингі комитетінің күдікті мәміле және қаржы операциялары туралы материалдарды жинақтау мен талдау бойынша жұмыс тиімділігінің төмендігі, сондай-ақ уәкілетті органдардың валютаны шетелден қайтаруды қамтамасыз ету бойынша лайықсыз жұмысын атап көрсеттi.
"Шетелдегi отандық қаражаттарды қайтаруға құзырлы органдардың жұмысы тиiстi деңгейде ұйымдастырылмаған. 2013 жылы Қазақстанға шетелден 200 млн. доллар қайтпай қалды", - дедi ол.
Дереккөз: ҚазАқпарат