Атырау, 27 қараша 06:52
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әңгімелесу тәубе жасау емес

7 549 просмотра

HeadHunter зерттеу агенттігі мың жарымға жуық жұмыс берушілерден сауалнама алып, жұмыс іздеушілермен әңгімелесу кезінде өзіңнің келеңсіз мінез-құлықтарың жөнінде ашық айту қажет пе, оның зардабы қандай болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап іздеді.

Жұмысқа алушылардың үлкен бөлігі (80%-дан аса)өзінің ұқыпсыздығы мен өркөкіректігін ашық айтқан «батыл» үміткерлерді мүлдем жақтырмайды екен. Мүмкін, бұл шындық шығар, алайда жұмысқа орналасуға көмектеспейтіні анық. Кейбір жұмыс берушілер жақсы маман болса, өркөкіректікке көнуге де бар, алайда ұқыпсыздық, сауалнама нәтижелеріне сәйкес – кадрларды іріктеумен айналысатын мамандар үшін ең ұнатпайтын қасиет.

Сараңдық пен ашкөздік – жұмыс ұсынушылардың 70%-дан астамы үшін «жоқ» деп айтуға итермелейтін мінез-құлықтар. Шімірікпеушілік сияқты адам қасиеті де жұмыс берушілерді теріс айналдыратын келеңсіздіктердің бірі (65%).

Айлакерлік, менмендік, сезімталдық қасиеттері туралы мойындаған жұмыс іздеушілердің оң және теріс жауап алуға мүмкіндіктері теңдей. Сондықтан да «өзін сол күйінде» көрсеткісі келетін үміткерлерге жағдай бойынша әрекет етуге кеңес беріледі.   

Ал арманшыл, бірбеткей, принципшілдік, қыңырлық және күмәншіл мінездері туралы мойындаған адамдарды жұмыс берушілер жоғары қояды екен.

Қалай болғанда да, сауалнама алынған әр екінші компания өкілі (52%) үміткерлердің ашықтығын жақсы бағалайтындарын айтты. Айта кетсек, әр екінші жұмыс беруші өзінің жағымсыз қасиеттері жөніндері ашық айтқан үміткерлерді кездестіргенін мойындады.

Жалпы, сарапшылардың пікірінше, әңгімелесу кезінде осы мәселеде өзіңді «тежей» сөйлеген жөн. 

Дайындаған Сәуле ТАСБОЛАТОВА

17 маусым 2014, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.