Атырау, 25 қараша 11:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Республикамызда шипалы сусын шығарылатын болды

2 747 просмотра
 
 
Павлодарда шай саңырауқұлағынан жасалатын сусын пайда болады, деп жазады 24.kz.

Педагогикалық институттың ғалымдары шай саңырауқұлағының емдік қасиетін анықтап, шипалы сусын жасауға болатынын дәлелдеген. Шай саңырауқұлағын зерттеу жұмысы жақында тұсауы кесілген жаңа зертханалардың бірінде жүргізілді. Онда Ресейден келген ғалымдар да табысты еңбек етуде.

Функциональды морфология және гистологиялық зерттеумен айналысатын жаңа зертхана заманауи құрылғылармен жабдықталған. Жалпы құны 40 миллион теңге болатын кешенде маңызды бірнеше зерттеу жүргізіліп жатыр. Жуырда Павлодар ғалымдары шай саңырауқұлағының адам ағзасына өте пайдалы екенін дәлелдеп,  Қазақ тағамтану академиясынан келісім алған. Болашақта бұрынғы сыра шығаратын зауыттардың бірінде емдік сусын дайындалады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 маусым 2014, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.