Атырау, 8 желтоқсан 20:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Төтенше жағдай 17 маусым күнгі сағат 15.00-ге дейін ұзартылды

3 104 рет қаралды

Облыста Каспий теңізі деңгейінің көтерілуіне және Атырау қаласы мен Исатай ауданы жағалау аумақтарының суға кету қаупіне байланысты енгізілген төтенше жағдай 17 маусым күнгі сағат 15.00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы ТЖД баспасөз хатшысы Самал АБИРОВА хабарлады. 

16 маусымда өткен брифингте ТЖД басшысының орыныбасары Марат ҚҰРМАНОВ 15-16 маусымда су деңгейі 128 см көтеріледі деген болжам расталмағанын айтты. 16 маусым күні сағат 00.01-де Пешной түбегіндегі гидро бекетте 108 см су деңгейі тіркелді.   

Егер күн соңына дейін су деңгейі төмендесе, төтенше жағдайды тоқтату туралы хабарлауға болады,- дедіМ. Құрманов.

Алайда 16 маусым күні су деңгейі 106 см-ден түспеді. Ал Жамбайда таңертеңгілік 63 см деңгейден кешке 65 см-ге көтерілді, сондықтан да ТЖ-ны ұзартуды жөн деп тапты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

17 маусым 2014, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.