
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Талғайраң ауылы тұрғындарымен кездесуінде мүмкіндігі шектеулі баланы оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді.
Ауыл тұрғыны Дариға Тұрсынғали жиенінің туғаннан екі құлағының есту қабілеті бұзылғанын және арнайы медициналық құралға мұқтаж екенін жеткізді. Оның айтуынша, отбасы бұл құралды әлеуметтік қорғау жүйесі арқылы ала алмай отыр.
«Племяннигімнің екі құлағы туғаннан естімейді. Әрең дегенде “Горсобес” комиссиясының қорытындысын алдық. Қазір басқа арналған арнайы бандаж қажет, бірақ оны бермейді. Басшы: “Ақша жоқ, өздерің сатып алыңдар” деді. Мазақ қыласыздар ма? Сізге ресми хат жолдадым, бірақ жауап болмады», — деді ол.
Әкім кездесуде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі жоқ екенін атап өтіп, оңалту құралдарын беру тәртібін түсіндірді.
«Диагнозды медициналық ұйымдар қояды. Жабдықтар бекітілген тізім бойынша және сараптамадан, сертификаттаудан кейін беріледі. Сізді жеке қабылдауыма шақырамын. Егер сұралған құрал тізімге кірсе, мәселені қараймыз», — деді Серік Шәпкенов.
Әйел сонымен қатар демеушілік көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Аймақ басшысы оның өтініші тіркеліп, тиісті тізімге енгізілетінін айтты.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -10