Атырау, 25 қараша 11:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Келер жылы ХҚКО арқылы 32 түрлі қызмет ұсынылатын болады

3 158 просмотра
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің қатарына ҚР аумағынан шетелге тұрғылықты тұруға кетуге арналған  құжатты рәсімдеу, жетім балаларды қамқорлыққа алуды рәсімдеу еніп отыр.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер тіркеу  есебіне тұрып, патент ала алады. ҚР Қарулы  күштерінің әскери қызметкерлері арасындағы қызметтік баспанаға зәру қызметшілердің тізіміне тұруға  өз мәліметтерін ХҚКО арқылы енгізе алады.

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді және ХҚКО дамыту департаменті директорының орынбасары Әсел Мамажанованың айтуына қарағанда,  ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің тізіміне енетін жаңа сервистер  11 мемлекеттік органның құзырына жатады. «Қызметтердің  көп бөлігі баламалы түрде  ұсынылады, яғни жеке және заңды  тұлғалар оларды Халыққа қызмет көрсету  орталығымен қатар, қызметті  ұсынушы мемлекеттік органнан тікелей барып ала алады» - деп түсіндірді Әсел Мамажанова.

Азаматтардың мемлекеттік қызметті  алу процесін жеңілдету  мақсатында Мұнай және газ министрлігі, Өңірлік даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ауыл шаруашылық министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың жекелеген қызметтері   Халыққа қызмет көрсету  орталығы арқылы  ұсынылатын болады.  

Айтып өту  керек, 32 мемлекеттік қызметтен тұратын тізім ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтерді іріктеуге арналған ведомствоаралық комиссияның кезекті  отырысында бекітілді.  «ХҚКО» РМК  өкілдері мен  барлық мүдделі  мемлекеттік орган өкілдері қатысқан комиссия отырысының  барысында іріктеліп алған қызметтерді ұсыну мерзімін және азаматтардан талап етілетін құжаттар санын қысқарту мәселесі де  шешілді. 

Бүгінгі күні елімізде 259 халыққа қызмет көрсету  орталығы  жұмыс істейді. Үстіміздегі  жылы осы орталықтар арқылы көрсетілген  мемлекеттік қызметтердің саны  11 млн.  асып кетті.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келетін азаматтарға ыңғайлы  болу үшін орталықтарда «Connection point» өзіне - өзі  қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейтінін айтып өту керек. Өзіне-өзі  қызмет көрсету бұрыштарынан электрондық қызметтерді азаматтар оператордың көмегінсіз ала алады. Егер көмек қажет болғанда орталық қызметкерлерінің кеңесіне  жүгінуге болады. Аталған қызметтің  тұрғындардың  компьютерлік сауаттылығын арттыруға бағытталғанын да айтып өткен жөн.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 маусым 2014, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.