Атырау, 1 қазан 12:23
 ашықВ Атырау +15
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Петропавлда университет ұстазы із-түзсіз жоғалып кетті

1 190 просмотра
Петропавлда университет оқытушысы із-түзсіз жоғалып кетті. Полицейлер, туған-туыс пен волонтерлердің 38 жасар Ербұлан Стабаевты іздеп жатқандарына бір апта болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Маусымның 9-ы күні Е.Стабаев қалаға жақын жердегі жазғы лагерьде студенттермен бірге болған. Олардың айтуынша, ұстаз орманның ішіне кіріп, қайтып келмеген. Бүгінде із-түзсіз жоғалып кеткен ер азаматты іздестіру жұмыстарына бірнеше топ қатысуда. Олар өзен бойымен 35 шақырым жерді аралап шықты. Алайда ешқандай нәтиже жоқ.

Университет ұстазы өзен жағасындағы тік жардан құлап кетті деген болжам бар. Сол себепті іздестіру шараларына сүңгуір мамандар да тартылып отыр. "Мұнда судың ағысы қатты болып тұр. Ал оның нақты қай жерде құлағаны белгісіз. Полиция қызметкерлері бесінші күн қатарынан орман алқабын тінтіп жүр. Іздестіру аймағы үлкен. Әзірше, нәтиже жоқ", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Жанат Мұхамбетов.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

17 маусым 2014, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.