Атырау, 24 қараша 13:41
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шыңжаңда 13 адамға өлім жазасы орындалды

1 815 просмотра
Үрімжіде болған жарылыстардың бірі. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай. 22 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)Үрімжіде болған жарылыстардың бірі. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай. 22 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)16 маусым күні Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында терроризм және зорлық-зомбылық жасау айыптары тағылған он үш адамға өлім жазасы орындалды. Үкіметтік Xinhua агенттігінің хабарлауынша, он үш адамның жеті қылмысқа қатысы бар делінеді.

Дүйсенбі күні Үрімжіде былтыр күзде Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңында жеңіл көліктің жарылуына қатысты жеті адамның үстінен қозғалған істі қарауды аяқтады. Ол жарылыстан бес адам қаза тауып, ондаған адам жараланғаны хабарланған еді. Билік бұл қылмысты Шыңжаңдағы ұйғыр сепаратистеріне артқан.

15 маусым күні пышпақпен қаруланған үш адам Хотандағы ойын орталығына шабуыл жасады. Полиция олардың екеуін атып өлтіріп, біреуін қолға түсірген. Олардың шабуылды не мақсатпен жасағаны әзірге белгісіз.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
17 маусым 2014, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.