Атырау, 25 қараша 11:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балаларға қысым көрсетуге болмайды - ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов

1 354 просмотра
Балаларға қысым көрсетуге болмайды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг барысында ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов айтып, министрліктен кешірім сұраған оқушы туралы өз пікірін жеткізді.

"Балаларға қысым көрсетуге болмайды. Алайда өз қатесін түсініп, кешірім сұрауды дұрыс деп санаймын. Бірінші кезекте өтірік айтудан алыс болу керек", - деді ол.

Аталған мәселенің бүкіл республикаға жария болуын министр мекеменің баспасөз қызметінің жіберген қателігі деп түсіндірді.

"Журналистерден де балаларға қатысты ақпаратты таратуда абай болуларын сұраймын. Сюжет дайындағанда мәселе психикасы нәзік балалар туралы болып жатқанын ұмытпау керек", - деді министр.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігінің сайты петропавлдық түлек Айнұр Серіктің Аслан Сәрінжіповтан кешірім сұрап жазған хатын жариялаған болатын.

Хатта Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының түлегі Айнұр Серік 31 арнаға берген жалған ақпараты үшін кешірім сұраған. Биылғы жылғы ҰБТ тапсырмаларының барлығының мектеп бағдарламасына сай келетіндігін, барлық сұрақтардың дұрыс жауабының болғанын, дұрыс құрылмаған сұрақтың болмағанын жеткізген.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын 31 арнаға берген сұхбатында Айнұр Петропавлда сұрақтардың дұрыс болмағаны себепті көптеген түлектер «Алтын белгіні» ақтай алмаса, кейбірі 50 баллдық межеге де жетпегенін айтқан болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

16 маусым 2014, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.