Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин. Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистердің қақтығыстарын реттеу және гуманитарлық ахуалды жақсарту жөнінде жаңа қарар ұсынды. Ресей Украинадағы дағдарысқа қатысты бұған дейін де екі рет қарар ұсынып, онысы Қауіпсіздік кеңес мүшелерінің қарсылығына ұшыраған.
Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркиннің айтуынша, соңғы қарарда алдыңғы екі қарардың Украинаның шығысында гуманитарлық "дәліз" құруға, қақтығысты тоқтатып, диалог орнатуға шақыратын баптары енгізілген. Қарарда бұған қоса кеңес мүшелері көтерген Украинаның егемендігі, тәуелсіздігі және территориялық тұтастығына қатысты да ұсыныстар бар.
Мәскеудің бұған дейінгі ұсынған қарарларын Қауіпсіздік кеңес мүшелері Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына байланысты қабылдамай тастаған еді.
АҚШ пен НАТО Ресейді Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерді ауыр қару-жарақпен, танк және зениттік кешендермен қаруландырып отыр деп айыптайды.

Дереккөз: Азаттық радиосы
17 маусым 2014, 14:49