Атырау, 24 қараша 14:08
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Газпром" "Нафтогазды" Стокгольм сотына берді

1 588 просмотра
Ресейлік Ресейлік "Газпром" басшысы Алексей Миллер (оң жақта) мен Украинаның "Нафтогаз" компаниясы жетекшісі Андрей КоболевРесейдің "Газпром" компаниясы өзіне қарыз "Нафтогаз Украина" компаниясынан 4,5 миллиард АҚШ долларын өндіріп беруді сұрап Стокгольмдегі халықаралық арбитраждық сотқа жүгінді.

"Газпромның" хабарлауынша, ресейлік компания "Нафтогаз Украинаның" 2009 жылы жасасқан келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындамай отырғанына шағымданған.

"Газпром" бұған қоса 16 маусым күні Мәскеу уақытымен сағат 10-нан бастап Украинаға газ тасымалдауды тоқтатты.

Дүйсенбіге қараған түні Ресей, Украина және Еуропа Одағы өкілдері Киевте газ бойынша үш жақты келіссөздерде ымыраға келе алмаған еді.

Ресей жағы Еуропа Одағының энергетика мәселелері бойынша комиссары Гюнтер Эттингердің бір мың текше метр газ бағасын жаз кезінде 300 АҚШ доллары, қыста - 385 АҚШ долларынан сатып алу туралы ұсынысын қабылдамай қойған.

Мәскеу Киевтен осы кезге дейін тұтынған газының қарызын төлеуді талап етіп отыр. Киев Ресей газдың қазіргі бағасын "саяси есеппен" белгіледі деп, "Газпромның" үстінен Стокгольм сотына шағымданбақ.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
16 маусым 2014, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.