Атырау, 25 қараша 11:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы қақтығыстарға қатысып жатқан қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

2 281 просмотра

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Украина территориясындағы қарулы қақтығыстарға Қазақстан азаматтарының қатысуы туралы ешқандай мәлімет келіп түспеген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді.

 «Бізде қазіргі кезде бұл мәселеге қатысты ешқандай мәлімет жоқ», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол осыдан біраз уақыт бұрын украиналық БАҚ-та жарық көрген Украинадағы қарулы қақтығыстарға қазақстандықтардың жаппай қатысып жатқандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл алып-қашпа әңгімелерге келер болсақ, мұндай оқиғамен Кавказдағы, Оңтүстік Кавказдағы қақтығыстар кезінде де кездескенбіз. Мұндай ақпараттар жиі шығады, алайда олар расталмай қалады. Немесе әңгіме бұрын Қазақстанда туып, қазір басқа елдің азаматтығымен жүрген адамдарға қатысты болып шығады», - деп түсіндірді Е. Ашықбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

16 маусым 2014, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.