Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігі сыртқы қарызының 550 миллион долларға жеткенін хабарлады. Бұл туралы аппарат отырысы барысында Киев әкімшілігі төрағасының орынбасары Руслан Крамаренко мәлімдеді, деп ақпарат таратты BNews.kz-тің Киевтегі меншікті тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
«Бүгінгі таңда қала қарызы 550 миллион долларды немесе 5,5 миллиард гривенді құрайды. 2,63 миллиард гривен қарызды күзде жабу керек», - деді Крамаренко.