Консорциумға қатысушылар Қазақстан үкіметімен Қашаған жобасын әзірлеу және игеру кезеңдерін одан ары дамыту туралы меморандумға қол қойды.
Бұл туралы NCOC баспасөз қызметі бүгін, 16 маусымда таратылған баспасөз хабарламасында мәлім етті: «Солтүстік Каспий консорциумына қатысушылар ҚР Үкіметімен Қашаған жобасын әзірлеу және игеру кезеңдерін одан ары дамыту туралы меморандумына қол қойып, қазақстандық қамту мәселесін және жобаның өндірістік мүмкіншілігін талқылау келісіміне келді.
Осы Меморандум аясында мемлекет, қатысушы компаниялар және «Норт Каспиан Оперейтинг Компании» (НКОК) арасындағы талқылаулар мен ынтымақтастық таяу айларда жалғасын табатын болады. Солтүстік Каспий Консорциумына қатысушылар: KMG Kashagan B.V., AGIP Caspian Sea B.V., CNPC Kazakhstan B.V., Exxon Mobil Kazakhstan Inc., INPEX North Caspian Sea Ltd., Shell Kazakhstan Development B.V., Total E&P Kazakhstan компаниялары. НКОК Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлінісі туралы келісімге сәйкес оператор болып табылады».
Сәуле ТАСБОЛАТОВА