Атырау, 9 мамыр 22:35
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Барлық жаңалықтар

Облыс «азық-түлік белдеуін» тағынбақ Экономика

Облыс «азық-түлік белдеуін» тағынбақ

Облыстық әкімдікте өткен мәжілісте агроөнеркәсіпті дамыту бағдарламасы қаралды. Осы бағдарлама бойынша таяудағы 3 жылда ауылшаруашылық саласына 17.5 млрд теңге бөлінді, оның 10 миллиарды 2012 жылдан бастап игеріле бастайды. 30 маусым 2011, 17:14 4 345 просмотра
Онкологиялық дәрі-дәрмектер жетіспейді Қоғам

Онкологиялық дәрі-дәрмектер жетіспейді

Қазақта «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар. Өкінішке орай, ауру да кейде апат секілді айтып келмейді. Соның ішінде қатерлі ісік аурулары жөніндегі әңгіме бір бөлек ауыр тақырып. Бүгінде облыстық онкологиялық диспансерде жүзден астам науқас емделу үстінде. Бұл стационар жағдайдағы емделіп жатқандар. Ал амбулаториялық деңгейде ем алушылар қаншама... Олардың бәріне бірдей ауруын тиімді емдейтін дәрілік заттар облыста жеткілікті ме? Бұл жағынан бізде қалай қамтылған? Осы сауалдарға «АЖ» тілшісі жауап іздеп көрді. 30 маусым 2011, 17:13 3 488 просмотра
Алғабастықтар неге алаңдаулы? Қоғам

Алғабастықтар неге алаңдаулы?

Алғабас ауылының тұрғындары бүгінде айлап жиған дүние-мүлкі үшін ғана емес, қара басының амандығы үшін де мазасыз күй кешуде. Өйткені, мұнда көше жарығының жоқтығын пайдаланған қаскөйлер жергілікті тұрғындардың үйімен бірге, ауласында тұрған көліктерін де тонап келеді. Ал жақында осы ауылдағы бір үйге қонаққа келген жас жігітті белгісіз біреулер тал түсте пышақтап кеткен. 30 маусым 2011, 17:26 2 682 просмотра
Қоғам

Отандық білім пайдасыз болып барады

86% қазақстандық жұмыс берушілер отандық жоғары оқу орындарын бітірген түлектерді нашар дайындалған мамандар деп есептейді. Мұндай нәтижені Қазақстанда жастардың ҮЕҰ желісі жүргізген зерттеулер  көрсеткен. 30 маусым 2011, 17:25 2 540 просмотра
«Айрекс» мұғалімдерді компьютер іліміне баулыды Қоғам

«Айрекс» мұғалімдерді компьютер іліміне баулыды

Балалар каникулға шыққаннан кейін «Айрекс» білім беру бағдарламасының жаттықтырушылары мұғалімдерді оқытумен айналысты. Негізінен ғаламторда жұмыс істеу, сондай-ақ, «Word», «PowerPoint» және «Excel» секілді кеңселік бағдарламаларға баса назар аударылды. 30 маусым 2011, 00:49 2 431 просмотра
Жылыойлық шаруалар жатыпішер емес Қоғам

Жылыойлық шаруалар жатыпішер емес

Соңғы жылдары Жем өзенінің тасымай қалуы ауыл шаруаларын тығырыққа тіреп қойған еді. Үш жыл қатарынан тасымаған су биыл көл-көсір боп келіп, арналарды толтырып-ақ тастады. Мол судың пайдасын көріп қалмақ болған шаруалар да кетпендерін жаппай қолға алды. 30 маусым 2011, 18:33 10 091 просмотра
Басқа жаңалықтар

Әкім апатты мектептердің көптігіне таң қалды

Енді ғимараттың апаттылығы туралы жеке сәулетшілер бюросының қорытындылары жарамсыз деп саналатын болды. Аудандарда 31 апатты мектеп бар деп санамалап шыққан облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ өткен аптада осындай мәлімдеме жасады. 30 маусым 2011, 00:36 2 074 просмотра
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Қылмыстық түзету жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Б.Маразбаеваның айтуынша, әйелдер зонасының санитарлық бөлімшесіндегі екі сотталушыдан тінту кезінде ұялы телефондар табылған.Колония әкімшілігі жаза түрінде шешім қабылдайды. Ол сөгіс немесе айыппұл изоляторына қамау болуы мүмкін. Баспасөз қызметі ерекше атап өткендей, түзету мекемесіндегі таяуда болған толқуда жанжал шығарғандар осы әйелдер екен. 30 маусым 2011, 00:41 1 864 просмотра
Экономика

Толық төлеуге міндеттіміз

Өздерінің шынайы кірістерінің мөлшерін тек мейрамханалар мен қымбат бутиктер ғана жасырып қоймайды. Көлік жуу орындары, шаштараздар мен дәріханалар да бүкіл пайдасын жарияламауға тырысады. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, олар бюджетке 600 мың теңгедей салық бережақ боп қалған. 30 маусым 2011, 00:44 2 718 просмотра
Нұғмановтар отбасының жасыл патшалығы Экология

Нұғмановтар отбасының жасыл патшалығы

Маусым басында облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы Атырау тұрғындарының арасында үздік жасыл аула конкурсын өткізді. Бірінші орынды Геолог поселкесінің тұрғындары ерлі-зайыпты Айғаным мен Смағұл НҰҒМАНОВТАР иеленді. Мен оларды іздеп барған едім. 23 маусым 2011, 16:22 9 705 просмотра
Балық зауыты кімнің еншісінде? Экономика

Балық зауыты кімнің еншісінде?

«Бұрынғы В.И.Ленин атындағы балық комбинатының» зейнеткері Орынай ХАСАНОВА «АЖ» газетіне хат жолдапты. Хаттың мазмұны төмендегідей: «Өз уақытында балық қалбыр комбинаты еліміздегі балық шикізатын өңдеу жөніндегі ең ірі кәсіпорынның бірі болды. Оның қызметкерлерінің саны үш мың адамға жететін. Комбинатта жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалды - өзінің балабақшасы, медициналық қосыны, буфеттері мен асханасы, демалатын бөлмелері болды. Комбинаттың ауласында комбинат қызметкерлері үшін... 23 маусым 2011, 19:46 5 432 просмотра