Атырау, 30 мамыр 15:22
 дождьВ Атырау +21.7
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

​Мас әйел ІІБ ғимаратына "бомба салды"

2 509 рет қаралды

Image 0Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды. 6 мамырда тал түсте 102 кезекшісінің пультіне белгісіз әйелден қоңырау түсті. Ол Атырау қалалық ІІБ ғимаратына жарылғыш құрылғысы салынғанын хабарлады.

Ғимараттан 100-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Иттер мен саперлер ештеңе таба алмады. Ал кешікпей жалған лаңкес ұсталды.

- Бұл СМП-136 ықшамауданында тұратын 27 жастағы Атырау тұрғыны, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА. - Ол мас күйде қоңырау шалғанын түсіндіріп, мойындау жауабын берді. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

9 мамыр 2015, 23:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.