7 мамырда Алматыда футболдан ел чемпионатының 11-туры аясында «Атырау» командасы жергілікті «Қайратты» 1:0 есебімен жеңді.
Голды 55-минутта Дмитрий ПАРХАЧЕВ салды. Ойын соңында төреші «Атырау» қапасына 11 метрлік айып добын белгіледі, алайда қақпашы Жасур НАРЗИКУЛОВ соққыны қайтара білді.
Осы жеңістен кейін «Атырау» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ