АҚШ-тың Арканзас штатында торнадо ішінде адамдары бар қозғалмалы үйді көтеріп әкетті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қайғылы оқиға Нашвилл қаласында болды. Оның салдарынан 20-30 жастағы ерлі-зайыпты қаза тауып, олардың екі жасқа толмаған балалары аман қалды. Қаза болғандардың аты-жөні аталмайды.
Торнадо, бұршақ және сел АҚШ-тың орталық бөлігіне осы аптада лап қойды. Бәрінен бұрын Оклахома штаты зардап шекті, мұнда 30 адам жарақат алды, бірнеше тұрғын үй қирады. Небраска штатында болған селден 10-нан 15-ке дейін үй қирады. Канзас штатында кем дегенде тоғыз үйді қатты құйын қиратты, бірақ ең күшті торнадо халық аз қоныстанған аумақта болып, шығыны аз болды. Техас штатында соққан дауылдан 25-тен астам адам зардап шекті. Тағы да тоғызы із-түссіз жоғалып кетті. Жексенбі күні Сиско қаласында бір адам қайтыс болды.
Видеода торнадо Айова штатындағы Лейк-Ситидегі мектептердің бірінің шатырын жұлып әкетеді.
Дереккөз:tengrinews.kz