Атырау, 25 қараша 18:18
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Пәкістан: Тікұшақ апаты құрбандары арасында 2 елші бар

1 306 просмотра

Image 0Пәкістанның солтүстігіндегі Гилгит-Балтистан провинциясында бүгін MI-17 әскери тікұшағы апатқа ұшырап, алты адам, оның ішінде екі елші қаза тапты. Он шақты адам жараланған.

Азаттықтың Пәкістандағы қызметі Машаль Радиосының хабарлауынша, әскерилер өкілі генерал-майор Асим Баджва апаттан екі ұшқыш, Филиппин мен Норвегияның елшілері және Малайзия мен Индонезия елшілерінің әйелдері қаза тапқанын растаған. Жараланғандар арасында Польша мен Нидерланды елшілері де бар.

Тікұшақ апатына жауапкершілікті "Техрик-е-Талибан Пәкістан" ұйымы мойнына алды. Ұйымның ресми өкілі Мохаммад Хурасанидың кейіндеу Машаль Радиосына жолдаған электронды хатында ұйым әскери тікұшақты "премьер-министр Наваз Шариф мінген тікұшақпен шатастырып атып түсіргені" айтылады.

MI-17 тікұшағы аймақта Наваз Шариф қатысатын шараға батыс елдерінің дипломаттарын тасыған үш тікұшақтың бірі болған. Қалған екі тікұшақ діттеген жеріне аман-есен жеткен.

Дереккөз: Азаттық радиосы

8 мамыр 2015, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.