Атырау, 28 қараша 11:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау әуежайына Хиуаз Доспанованың есімі беріледі

1 981 просмотра

Image 0Бұл туралы Атырау халықаралық әуежайында Жеңістің 70 жылдығына орай өткен салтанатты шарада айтылды.

«АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ бас директорының орынбасары Жаңыл ҮМБЕТИЯРОВАНЫҢ айтуынша, облыс әкімдігінен ұжымға Екінші дүниежүзілік соғысында қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімін беру жөніндегі бастамашы топ пен Парламент депутаттарының ұсыныс хаты келіп түскен. Әуежай ұжымы бұл ұсынысты қолдады.

Салтанатты шараға Х.Доспановамен бірге Орал аэроклубында оқыған соғыс ардагері Айдын АЙБАРОВ шақырылды.

2012 жылы «Эйр Астана» авиакомпаниясының Embraer 190 модельді әуе лайнеріне Хиуаз Доспанованың есімі берілген болатын.

Айнұр САПАРОВА

9 мамыр 2015, 20:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.