Ағымдағы жылдың 2 мамырынан бастап елімізде жеке тұлғаларға шетелден сәлемдеме жүк алу мөлшеріне шектеулер қойылды.
Енді кеден бажы салынбаған сәлемдемелерді алу айына бір реттен жиі болмауы керек деп хабарлады LS.
Сонымен қатар баж салығынсыз тауар өндіруге пайдаланылатын шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды жеке тұлғалардың елге алып кіруіне де шектеулер қойылды.
“Кедендік одақтың кеден шекарасынан өтетін тауарларды жеке тұлғалардың жеке қажеттіліктеріне қажет тауарлар қатарына жатқызу" туралы бұйрыққа Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 31 мамырда қол қойған болатын.
Естеріңізге салсақ, еліміздегі ережелерге сәйкес жеке тұлғаларға жіберілген шетелдік сәлемдеме жүктердің бір ай ішіндегі ортақ сомасы 1 мың евродан аспауы және салмағы 31 кг-дан артық болмауы қажет. Аспаған жағдайда жүкке кедендік баж салығы салынбайды.
Дереккөз: Nur.kz