12 мамырда таңертең редакцияға Геолог-2 ықшамауданында тұратын егде әйел хабарласты. Зейнеткер бір жерден суды сорып алған вакуум машиналары көп алысқа ұзамай-ақ, оны жол бойына төгіп тастап, жақын маңда орналасқан үйлерді суға кетіріп жатыр деп хабарлады.
– Олар асфальтталған жолдың шетіне шлангаларын лақтырып жіберіп, сорылған суларды төгіп жатыр. Ол онсыз да жаңбыр суы жайылған біздің ауламызға тікелей келіп құйылуда, - деді әйел.
Қоңыраудан соң біз сол жерге барған едік. Көшелердің бірінен алматылық мемлекеттік нөмірі бар вакуум машинасын байқадық. Ол шынымен де суды төгіп жатыр екен. Неліктен суды осы жерге төгіп жатсыздар деген сұрағымызға:
- Ал мен басқа қай жерге төгемін? - деді түсінбеген кейіппен.
Соған қарағанда, жеке қызмет көрсетушілер күнәға бататын әрекет жасап жатқанға ұқсайды. Тұрғын үй массивтерінің суға кетуіне байланысты оларды қазір таласып-тармасып шақыртып жатыр. Бір тапсырысты орындаған соң олар екінші шақыртуға асығады.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор