Атырау, 17 мамыр 14:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Анасы соғыстан алып кетті

2 891 просмотра

Image 0Фотосурет: segodnya.uaДХР жасағының қатарында соғысқан атыраулыққа қатысты таяуда шығарылған үкім үлкен резонанс туғызды. Редакция қарамағына осы үкімнің мәтіні түскен еді.

Естеріңізге салсақ, 27 сәуірде №2 қалалық соты Атырау қаласының 27 жастағы тұрғынын ҚР ҚК-нің 172-бабы бойынша («Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа қасақана құқыққа сыйымсыз қатысуы») кінәлі деп танып, жалпы режимдегі түзету колониясында 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын («Атырауда Украинадағы соғысқа қатысушы сотталды»).

Сот «1988 жылы туылған, ҚР азаматы, ұлты орыс Урашев Александр Асылбекұлының 2014 жылдың 14 шілдесі мен 1 желтоқсаны аралығында шет мемлекеттің аумағында – Украинаның Донецк облысында жалдамалық белгілерінсіз... қарулы қақтығысқа қасақана құқыққа сыйымсыз қатысқанын» анықтады.

Урашевтің айтуынша, ол «Одессада ресми биліктің әрекетіне қарсы наразылық білдірген қала тұрғындарын жаппай өлтіруге және ұрып-соғуға байланысты 2 мамырда болған оқиғадан соң, Донецк облысының орыс халқына Донецк Халық Республикасының бейбіт орыс тұрғындарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін күресуге көмек көрсеткісі келіп», 2014 жылдың көктемінде осындай шешім қабылдаған.

Осы жылдың шілдесінде Урашев әлеуметтік желілер арқылы ДХР жасағының қатарына кіргісі келетіндер үшін электронды мекен-жай жариялаған пайдаланушының парағын тауып алады. Ол сөйтіп еріктілерді жинап жатқан ресейлік Ростов-на-Донудан бір шыққан. Келген жандарға сауалнамаларда шын есімдерін көрсетпес үшін өздеріне лақап ат алуға кеңес берілген. Осылайша Урашев өзіне Раш деген ат алған.

Әрі қарай сот материалдарына қысқаша көз жүгіртсек: «14 шілдеде Урашев еріктілер взводының құрамында Ресей-Украина мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Донецкіге келіп, Украина заңдарында қарастырылмаған әскери "ДХР жасағы" құрамына кіреді. Бұл жерде қарсы барлау батальонының құрамында бастапқы әскери дайындық курсынан өтеді: физикалық дайындықтан өтіп, автоматты оқпен атылатын қаруды меңгеруді, қалалық және ойлы-қырлы жерлерде әскери іс-қимылдар тактикасын үйренеді».

Содан кейін өзі оқталатын Симонов карабинімен (СКС)қаруланған Урашев төрт ай бойына әскери бөлімшені, бөлімше штабы мен әскери казарманы күзетеді. Сол кезде ол ДХР жасағының қолбасшысы И.Стрелков қол қойған №7653 Донбасс халық жасағының куәлігін алады.

Әрі қарай мәтін бойынша: "2014 жылдың қазанында Урашев анасы Р.Пастухованың бастамасымен Комсомолск қаласында орналасқан ДХР жасағының алғашқы Славян бригадасының зеңбірек-атушылар батальонына ауысады. Ол жерде “ЗУ-23С" және “Стрела-2" зеңбірек қондырғысын меңгеру бойынша әскери дайындықтан өтеді. Осында Драгун деген екінші лақап атқа ие болады". Мысалдардың бірі ретінде мынадай факт келтіріледі: "Кезекшіліктердің бірінің барысында 2014 жылдың қазанында жою мақсатында Украинаның Қарулы күштерінің ұшқышсыз басқарылатын нысанына “ЗУ-23С" зеңбірек қондырғысынан оқ жаудырады".

Урашев 2014 жылдың желтоқсанына дейін зенитші болады: "Өз анасы Р.Пастухованың бастамасымен 1 желтоқсанда Урашев "ДХР жасағы" заңсыз әскери құрамасынан босату туралы баянатпен жүгінеді. Сол күні Украина мен РФ мемлекеттік шекараларын заңсыз кесіп өтіп, РФ аумағына аяқ басады".

Урашевтың туған қаласына қашан келгені көрсетілмеген, алайда ол 2015 жылдың 11 ақпанында қамауға алынған. Сот сәуірдің аяғында өтті.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 мамыр 2015, 20:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.