Атырау, 23 қараша 06:09
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Зеңбіректер мен зымырандар автожорығы

3 613 просмотра

Жеңістің 70 жылдығына орай Атырауда автожорық өткізіліп, оған қазіргі Қазақстанның көгілдір туы мен әскери кезеңдегі орақ-балға суреті бар қызыл жалауларды желбіреткен елу шақты мотоциклшілер мен 150-ден астам автокөліктер қатысты.

Автожорықты «Wheels Brothers MC» мотоклубы, «Драйв Атырау» автоқоғамдастығы Тюнингтелген автокөліктер клубының қатысуымен ұйымдастырды. Бұл бастамаға қалалық билік пен жол-патрульдік қызмет қолдау көрсетті.

Жігіттер барлық уақытта да әскери ойыншықтарға әуес. Жорыққа қатысушылардың бірі көлігінің шанағына зеңбіректің қызықты мұнарасын бекітіп қойса, Максим КАПУОВ өзінің "Субаруының" төбесіне тіпті зымыран қондырғысының макетін жарақтап қойған:

- Осы шараға бір ай уақыт қалғанда мен жобаны сызып шықтым, СТО-дағы жігіттер қаңқаларын дәнекерлеп берді. Зымыранның макеттерін пластиктен өзім жасап шығардым. Содан кейін бауырым бұл қондырғыны гидравликалық басқару мехнизмімен жарақтауға болатынын айтты. Бұл зымыран қондырғысын көлік салонынан басқаруға болады, олар көтеріліп, түсіріледі.

Максим атыраулық экспаттарды АҚШ-қа немесе жақынырақ орналасқан ТШО кеңсесі мен Қашағанға "зымыран соққыларын жасаумен" қорқытқылары келмеген шығар деп үміттенеміз, өйткені ол жақта біздің азаматтар толып жүр ғой.

Автоколонна легі қаладан шығар жердегі теміржол өткелінен бастап, Привокзальный ықшамауданы, Әлиев көпірі, Бейбарыс, Сәтпаев, Азаттық даңғылдары, Балықшы арқылы өтті.

Бұл бағыттың ақырғы нүктесі Жеңіс саябағы болды, ол жерде қатысушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза болған қатысушыларға құрмет көрсетті.

Өз ақпаратымыз

11 мамыр 2015, 19:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.