Атырау, 25 қараша 18:23
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ЕО: Грекияға несие беру үшін біраз уақыт керек

1 778 просмотра

Image 0Еуро қолданатын елдердің қаржы министрлері Грекияның несие берушілермен жұмысында "алға ілгерілеу" барын, бірақ көмек қаржыны алуда "көп уақыт пен күш-жігер" қажетін мәлімдеді.

Еуропаның 19 елінің қаржы министрлері Брюссельде Грекияға қолма-қол қаржы жоқ банкротқа ұшырау қаупі төнген тұста жиын өткізді. Алдағы бірнеше аптада Грекия банкрот болып, еуро қолданатын елдер аймағынан шығып қалуы мүмкін.

Грекия үкіметі 8 миллиард АҚШ доллары көлемінде жеңілдетілген несие алу үшін халықаралық несие берушілермен экономикалық және бюджеттік реформаларын келісуі қажет. Сарапшылар Грекия дефолт жариялап, Халықаралық валюта қорына кезекті төлемін жасай алмайды деп қауіптенген. Бірақ 11 мамырда, уағдаласқан мерзімнен бір күн ерте Грекия қаржы министрлігі Халықаралық валюта қорына 836 миллион доллар төлем жіберетінін хабарлады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

12 мамыр 2015, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.