Атырау, 25 қараша 18:46
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ирак әскері ИМ-мен кескілескен ұрыс жүргізіп жатыр

1 729 просмотра

Image 0Ирак әскері Баиджи қаласы маңында мұнай өңдеу зауытын қайтарып алу үшін ұрыс жүргізіп жатыр. 16 сәуір 2015 жыл. Иракта "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының содырлары 7 мамырда Бағдадтан 200 километр қашықтықтағы Баиджи қаласында орналасқан елдегі ең ірі мұнай өңдеу зауытын қорғап тұрған үкімет әскеріне шабуыл бастады.

Ирак билігінің мәліметінше, армия мұнай өңдеу зауыты орналасқан ауданда кескілескен шайқас жүргізіп жатыр. Бұл өнеркәсіптік кешен 2014 жылдың жазында Ирактың батысы мен солтүстігінде көпшілік территорияны басып алған содырлардың қоршауында тұр.

2014 жылдың соңында үкімет әскері қоршауды бұзғанымен, содырлар шабуылды күшейтіп, кейбірі зауыт территориясына бекіне түскен.

Ал АҚШ бастаған халықаралық коалиция 6 мамырдан бастап Иракта 14, Сирияда төрт әуе шабуылын жасағанын хабарлады. Ирак территориясында шабуылдарға жойғыш, бомбалаушы және ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар қолданылды. Әуе шабуылдары Баиджи, Фалуджа, Киркук, Мосул және Синджар қалаларындағы нысандарға жасалды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

8 мамыр 2015, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.