Атырау, 13 мамыр 09:23
 ашықВ Атырау +28
$ 513.74
€ 569.17
₽ 6.33

Ақкөл дәрігерін бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім етті

3 190 просмотра

Image 0Құрманғазы аудандық соты Ақкөл ауылы амбулаториясының аға дәрігерін ҚР ҚК 320-бабы 2-тармағы («Абайсызда науқастың өлiміне әкеп соқтырған науқасқа көмек көрсетпеу әрекеті") бойынша кінәлі деп таныды.

Өткен жылдың 2 желтоқсанында Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылында 7 жасар Даниярға асүйде кастрюльде қайнап жатқан ыстық сорпа абайсызда төгіліп кеткен еді. Анасы дереу ауылдық амбулаториядағы дәрігер Б.К-ге көмекке жүгіреді, бірақ ол келесі күні келуге уәде беріп, балаға сықпа май жағуға ғана кеңес берген. 3 желтоқсанда бала ауруханаға жеткізілгенімен, оны ажалдан аман алып қалу мүмкін болмады Күйген бала көмек көрместен көз жұмды»).

- Дәрігерге бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВ. - Жаза тағайындау кезінде дәрігердің кінәсінің мойындағаны және жәбірленуші тараптың кешірім беруі ескерілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

«АЖ» анықтамасы: Бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған тұлғалар жазаның бұл түрін қоғамнан оқшауланбай мамандандырылған органның қадағалауымен тұрғылықты мекенжайында өтейді. Бас бостандығын шектеу жазасын тағайындау кезінде сот сотталушыға келесі шектеулерді жүктейді: мекен жайын, жұмыс орнын немесе оқу орнын мамандандырылған органға ескертпей ауыстырмау; оқу мен жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу; мамандандырылған органның рұқсатынсыз басқа жаққа шықпау.

8 мамыр 2015, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.