Атырау, 25 маусым 02:36
 дождьВ Атырау +26.3
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Нөсерден соң: көліктің үстіне терек құлады

2 318 рет қаралды

Image 012 мамырда күшті жауын салдарынан, шамасы, топырақ қатты езіліп жұмсарған болса керек, Жилгородок ықшамауданы Одесская көшесіндегі терек құлады.

Шамамен таңертеңгі сағат 9.00-де келе жатқан «Приора» көлігінің үстіне терек құлап түсті. Көлікте Әуезов көшесінде тұратын орта жастардағы ер адам мен мектеп оқушысы болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Көлік қожайыны әңгімелейді:

Ешқандай жел болған жоқ. Сатырлаған дыбыс естілді, мен әлдекім көлігімнің артынан соққан екен деп ойлап, бұрылып қарадым. Терек капотқа құлапты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

12 мамыр 2015, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.