Атырау, 17 мамыр 15:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​«Бекіре-2015» туралы фактілер

3 129 просмотра

Image 0«Бекiре – 2015» балық қорғау акциясы штабының кезекті отырысында заң бұзушылардан 31 тонна балық, соның ішінде 1,5 тонна бекіре тұқымдастар мен 3,8 келі қара уылдырықтың тәркіленгені айтылды.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық иснпекциясының бастығы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ хабарлаған ірі фактілерден: 18 сәуірде Каспий теңізінің жағалауынан Жылыой ауданының үш тұрғыны отырған қайық ұсталып, 342 келі қара балық тәркіленіп алынды.

21 сәуірде Зарослый каналынан Атыраудың екі тұрғыны отырған қайық ұсталып, 21 келі бекіре тұқымдастар тәркіленіп алынды. Ал келесі күні Индер ауданында қара балықтың үлкен партиясын (806 келі) құрықтады.

Балықты қорғау және өсіп-өндіруге келер болсақ, акция басталғалы 152 бекіре тұқымдастар ауланды, соның ішінде бекіренің 3 аналығы, шоқырдың 33 аналығы мен 101 аталығы, бекіренің 14 аталығы, кертіктің 1 аталығы бар. Олардың барлығы Атырау бекіре өсіру зауытына жіберілді.

Акция мамырдың аяғына дейін жалғасады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 мамыр 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.