Атырау, 24 желтоқсан 22:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Экология

Экология

Атырау алуан аурудың ордасы

“Республикалық атмосфералық ауаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС және «Батысэкожоба» ғылыми-зерттеу институты ЖШС «АМӨЗ және басқа да өндірістік нысандардың Атырау қаласының қоршаған ортасына  және халқының денсаулығына әсерін кешенді зерттеу» жобасының кезекті бір кезеңінің  аралық нәтижелерін жария етті. 18 қаңтар 2012, 19:26 3 487 рет қаралды
Ақбөкендердің орынын сипап қалмайық Экология

Ақбөкендердің орынын сипап қалмайық

Ресей мен Қазақстан ақбөкендерді сақтап қалуға үндеген келісім жобасын жасап шығарды. Құжатқа таяу уақытта РФ табиғат ресурстары мен экология министрлігі және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі қол қоюы тиіс. 19 қазан 2011, 18:24 8 677 рет қаралды
Балықтарды босатыңдар Экология

Балықтарды босатыңдар

– Қыркүйек айында Жайық өзенінде ақмарқа мен көксерке көп ауланады. Балықтың көп болатыны соншалық, ол балық аулайтын кооперативтерге де, әуесқой балық аулаушыларға да жетіп артылады. Алайда артельшілер өзенді бір жағадан екінші жағаға салынған үлкен аулармен қалқалап тастайтындықтан, бірде-бір балық өтіп кете алмайды. Мұндай күндері спиннингпен немесе резіңкемен балық аулау пайдасыз. Балық аулайтын кооперативтерге қай күндері ау құруға тыйым салынатынын хабарласаңыздар екен.  22 қыркүйек 2011, 20:19 3 720 рет қаралды
Итальяндықтар туризмге түрен салмақ Экология

Итальяндықтар туризмге түрен салмақ

Итальяндықтар Атырауға экологиялық туризмді  әкелуді көздеп отыр. Болонье университетінің ғалымдары  «Ақ Жайық» табиғат резерваты аумағында ЮНЕСКО-ның өзі мойындайтындай саябақты қалай ұйымдастыруға болады деген жоба төңірегіндегі жұмыстарын бастап та кетті. Бұл жобаға   Eni компаниясы демеуші болмақ. 7 шілде 2011, 16:09 6 533 рет қаралды
Экология

“Жайық тасыды дегенше, байлық тасыды десейші”

Кезінде бабаларымыз осылай деп мақалдаған екен. «Балық шаруашылығының Қазақ  ҒЗИ» ЖШС облыстық филиалының ғылыми-хатшысы Елена БОКОВАНЫҢ айтуынша, көктемнің ерте түсуі уылдырық шашу температурасының басталуына және шабақтардың жетілуін жеделдетуге мүмкіндік туғызды. 23 маусым 2011, 19:34 4 136 рет қаралды
Ауадан Менделеев кестесінің иісі шығады Экология

Ауадан Менделеев кестесінің иісі шығады

Атыраулықтар құрамында күкіртсутек пен азот оксиді көп ауамен тыныс алуда. Осы лас шығарындылардың бәрін қала маңында орналасқан кәсіпорындар, әдетте, кешкі және түнгі уақыттарда шығарады. Өкінішке орай, осындай жалпыға танымал фактілер таяуда өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында айтылды. 23 маусым 2011, 16:36 5 166 рет қаралды
Көгалдандыру бағдарламасы түнгі ауаны тазарта ала ма? Экология

Көгалдандыру бағдарламасы түнгі ауаны тазарта ала ма?

- 50-жылдары Атырауда ботаникалық бақша болған. Ал сіздерде өсімдік атаулының бүліну процесі өткен ғасырдың 70-жылдары басталыпты. Осы мәліметтерді біз сіздердегі облыстық мұражайдан таптық, - дейді Атырауды көгалдандыру бағдарламасын жүзеге асыратын «Евростандарт GmbH» компаниясының өкілдері. Өткен жұма күні облыстық әкімдікте осы бағдарламаның таныстырылымы болып өткен еді. 20 сәуір 2011, 19:37 11 122 рет қаралды
Экология

Өлке табиғаты өгей баланың күйін кешіп тұр

Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар экологиялық жоспарларды өндірістік қызметтерін әрі қарай жалғастыруға рұқсат құжаттарын алу үшін ғана жасақтайды. Бұл- жақын арада облыстық әкімдікте өткен кеңеске қатысушылардың ортақ пікірлері болып отыр. 13 сәуір 2011, 19:48 4 229 рет қаралды
Каспий қасіреті Экология

Каспий қасіреті

15 наурызда жұртшылықтың наразылық білдіргеніне қарамастан Солтүстік-Каспий экологиялық мұнай төгіндісіне әрекет ету базасын салудың қоршаған ортаға әсер етуін бағалау жөнінде қоғамдық тыңдау өткізілді. Осы жобаның төңірегінде талқыланып жатқан қызу пікірлер толастар емес. Жергілікті жұртшылық базаны аймақ экологиясына тікелей қауіпті десе, ал тапсырыс беруші мен мердігер бірауыздан мемлекет қазынасына қомақты қаржы түседі деп дәмелендіріп отыр. 17 наурыз 2011, 17:48 8 692 рет қаралды
Көктемгі балық аулау маусымы болады! Экология

Көктемгі балық аулау маусымы болады!

- деп мәлімдеді атыраулық балықшыларға облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ. Алайда өткен жылы «Ерекше қорғалатын аумақтар туралы» ҚР заңына енгізілген түзетулердің салдарынан Бас прокуратура көктемдегі балық аулау маусымына тыйым салған болатын. Қара балық аулайтын балықшылардың торына жоғалу қаупінде тұрған бекіре тұқымдас балықтардың сөзсіз түсетіндігі тыйым салу үшін негіз болды. 16 наурыз 2011, 22:51 9 307 рет қаралды
Қарғалар да өмір сүргісі келеді Экология

Қарғалар да өмір сүргісі келеді

Күнде кешкісін ымырт үйіріле бастағанда бір уақытта қарқылдаған қанаттылардың тобыры бір жерге жиналады. Құстар бір-біріне жақындап суық мұзға қонақтап отырады. Орталық көпірден олар тірі қара кілем секілді көрінеді. Өтіп бара жатқан жүргіншілерге құстар тіпті назар аудармайды да.  9 наурыз 2011, 21:54 4 548 рет қаралды
Кореялық ғалымдар Атырауды жасыл-желекпен көмкеруге болатындығын дәлелдеді Экология

Кореялық ғалымдар Атырауды жасыл-желекпен көмкеруге болатындығын дәлелдеді

Облыстық әкімдікте «Атырау-жасыл қала» тұжырымдамасын таныстыру рәсімі өтті. Өткен жылғы Корея Республикасындағы Қазақстан жылдарының аясында облыстық әкімдік пен Корея елшілігі арасында корейлік мамандардың Атырау қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын жасақтайтындығы жөніндегі келісімге келген болатын. Топырақ пен өсімдіктерді зерттеумен ғалымдар Чу Ён Гю және Алекс Хон айналысты. Олар тұжырымдаманы сый ретінде тегін жасады. 10 ақпан 2011, 00:00 7 078 рет қаралды
Фёдор Сараев: «Сахараға көзсіз ғашықпын» Экология

Фёдор Сараев: «Сахараға көзсіз ғашықпын»

…Мен шөпке қисая кеттім. Көз алдымда қарсақтың үш күшігі ойнап жүрді. Біреуі, шамасы ішіндегі әуесқұмары шығар, менімен танысқысы келді. Бүйірлеп, жайлап жылыстап, жақындап келеді. Біресе желге мұрнын көтереді, бiресе құлақтарын қысады, ал өзі сабырсыздықтан қыңсылап қояды. Ол үшін адам жаңа, жұмбақ құбылыс. Ал масалар, денемнің ашық жерлеріндегі әр саңылауға қонып алып, суаттан су ішкен түйе секілді, қанымды сорып жатыр... Мен болсам жануарды үркітіп алмайын деп, қозғалуға қорқып отырмын.  Мұның бәрі бос далбаса еді! – деп, саяхатшы бетіне түскен ақ шашын қағып жіберіп, сөзін жалғастырды. - Әлгі күшік менің кроссовкамды иіскелеп тұрды. Елестетіп көріңізші! Жап-жақын жерден! Сәттілік деп осыны айт! Мен тек «Зениттің» түймесін басып қана үлгердім... 3 ақпан 2011, 00:00 8 973 рет қаралды
Экология

Экологтар 14 миллионның қайда кеткенін түсінбеді

Ғабдол Сланов атындағы жаңа кітапхана ғимаратында (әуежай жақта) «Жоғары антропогендік әсер жағдайында Солтүстік- Шығыс Каспийдің жануарлар дүниесінің  жай-күйін зерттеу» қорытындыларын талқылау жөнінде дөңгелек үстел болып өтті. 2 ақпан 2011, 00:00 4 432 рет қаралды
"Жасылдар" билікпен соттаспақшы Экология

"Жасылдар" билікпен соттаспақшы

Қаладағы қоғамдық ұйымдар өз күштерін біріктіріп, өткен жылдың қарашасында қоғамдық тыңдауда ұсынылған мұнай төгінділеріне қарсы әрекет ететін базаны (МТӘБ) салу жобасын мұқият талдаған болатын («АЖ» №47, «Жайық пен халықты құрбандыққа шалған жоба»). ҮЕҰ тәуелсіз сарапшыларды тартып, осы жобаға қоғамдық экологиялық сараптама жүргізген еді. Бұл жалпы бізде алғаш рет өткізіліп отыр. Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ұлттық және халықаралық заңнама бойынша анықталған заң бұзушылықтар санының көптігімен алаңдатып отыр. Таяуда үкіметтік емес ұйымдар өкілдері осыған қатысты баспасөз конференциясын өткізген еді. 12 қаңтар 2011, 00:00 6 089 рет қаралды
Жайық пен халықты құрбандыққа  шалған жоба Экология

Жайық пен халықты құрбандыққа шалған жоба

Қарашаның 19-ы күні Атырауда Жайық өзені сағасында мұнай төгінділерін жинайтын экологиялық базаны орналастырудың қоршаған ортаға зияны әсерін алдын ала  анықтау жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті. «Қазмұнайгаздың» бұл мәселені көтеріп келе жатқанына бес жылдай уақыт болды. О бастан-ақ базаны Дамбы поселкесі аумағындағы Жайық сағасынан салу көзделген болатын. Ал ол «Ақ Жайық» табиғи қорығына жақын. Ал бұл қорықты итбалық пен қызылбалықтың сан түрлері, жүздеген құстар мекен етеді. Мұнай төгінділерін жинауға арналған база балықтардың, соның ішінде  президент күні кеше Бакуде мораторий жариялауға ұсыныс айтып отырған қызылбалықтардың  уылдырық шашатын жері. 1 желтоқсан 2010, 00:00 6 100 рет қаралды