Атырау, 26 қараша 20:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қара балық тағы да қырылуда

6 986 просмотра

Редакцияға Махамбет ауданының маңындағы су қоймаларында балықтың қырылып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. 10 маусым күнгі арнайы жүргізілген қысқа сапар кезінде бұның анық-қанығына көз жеткіздік.

Бес шақырым жердегі бірінші көпірден кейін солға бұрылдық. Бұл жердегі жартылай құрғақ өзен арнасының екі жағалауында да өлі қаракөз, табан, көксерке, шабақтар су бетінде қалқып жүр және олардың барлығы да біздің фототілшіміздің көз қырына ілікті. Мұндай келеңсіз көрініс Сарыөзектен бастау алатын өзен саласының бойында байқалып отырды. Алдан қарсы соққан жел жиналып қалған балық қалдықтарының  жағымсыз иісін қолқаға жеткізеді,  ал, балық өлекселеріне көк шыбындар үймелеп қалған. Құстар болса оған мойын бұрғылары да келмейді.

Сондай-ақ, ресми емес ақпарат көздері, бүгінгі күні Махамбет ауданының балықтардың қырылуына қауіп төндіретін су қоймаларында тоннаға жақын балық шіріп жатыр деген хабарды айтады,  шынында дәл қазір оған бару мүмкіндігі туған жоқ. Камынино ауданында да теңіз жағалауына қарай да осындай жағдай орын алып отырғандығы да байқалады. Бұдан басқа, шамамен бір ай бұрын өлген қара балық түрлері айналмаларға жиналып, жүзіп жүрді.

Біздер туберкулезге қарсы аурухана ауданындағы Сарыөзекте де болдық. Ол жерлерде де балықтың қырылу фактілері тіркелген болып шықты. Өлген балықтар тағы да жағалау бойын бойлай шіріп жатыр. 12 маусымда біз  өзіміздің «рейдтік шараларымызды» Махамбет ауданында жалғастырдық. Бұл жолы таныс балықшылармен бірге казанка қайығымен жолға шықтық. Алғашқы тексеру нүктеміз-насос стансасы болды.  Сол жерге жақын маңдағы үйшіктен шыққан масаң еркек (шамасы күзетші болуы керек) бұл жерде шіріген балықтың болғандығын, ал, қазір жоқ екендігін тілі күрметіле түсіндіргендей болды. Артынша, өзінің қызметтік міндеті туралы есіне түсті ме, өзінің келушілерді жазатын журналына жазуы үшін біздердің кім екендігімізді сұрады.

Он шақырымдай жерде көгілдір түсті Махамбет ауданының балық инспекциясының брандвахтасы көзге шалынды. Алайда, онда ешкімнің қарасы көрінбеді, шамасы барлық инспекторлар дамыл таппастан жұмыс жасайтын болғаны ғой...

Бөгеттен соң бірден жаяу көпірге ірі көзді тор бекітілген екен, яғни, ірі балық түссін деп ойлаған болуы керек. Одан сәл кейінірек жағалаудан тағы да өлген балықтарды кездестіресің. Сол беттен соққан жел шіріген иісті жеткізіп тұрды.

Өкінішке орай, көздеген қосынымыз – 17-ші ауылға жетуге жанар-жағар майымыз жетпей қалды. Онда да қара балықтың шіріп жатқандығы туралы фактілер бар еді. Оның үстіне газетіміз бұған жауапты құзырлы органдардың міндетін атқаруға тиісті де емес қой.

14 маусым күні біз Жайық-Каспий балық аулауды реттеу және қорғау бассейндік басқармасының бастығы Амантай АЙЖІГІТОВТЕН түсініктеме алдық. Оның айтуынша, бүгінгі күні облыста 40-тай табиғат пайдаланушыларға бекітілген балықтардың қырылу қаупін туғызатын 101 учаске бар екен. Балықтың қырылуына қатысты барлық жауапкершілік соларға жүктеледі. Дәл осы Махамбет ауданында ондай учаскелер көп. Үстіміздегі жылы су көп келді, көктемгі балық аулау маусымы жүргізілмеді, сондықтан да өзен сағаларында балықтардың көптеп жиналуы нақты жағдай еді. Сарыөзекке келетін болсақ, ол өзіндегі су деңгейінің азайып кетуіне, таяздығына және суының көп бөлігінің ауылшаруашылық қажетіне пайдаланылатындығына байланысты  сондай күйге түскен. Айтпақшы, Сарыөзек каналы «Стандарт» ӨК-іне бекітілген.

«Біз апта сайын  су құрамындағы оттекті тексеру үшін сынама жүргізіп отырамыз. Алынған су зертханаға жіберіледі. Өткен жұма күнге дейін барлығы қалыпты болды,-деп атап өтті Айжігітов, - Кеше тағы да сынама жүргізілді, енді оның нәтижесін күтіп отырмыз. Махамбет ауданындағы басқа да су қоймаларында, оның ішінде 17-ші ауыл маңында да ешқандай балықтың жаппай  қырылуы  байқалған жоқ».

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген В. Истомин

16 маусым 2011, 20:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.