Атырау, 20 маусым 22:37
 дождьВ Атырау +33.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Жылыой ауданындағы жасөспірімдер төбелескен видео тарады

Бейнежазба
333 рет қаралды

Полиция бұл оқиғаның сәуір айында болғанын, ол төбелеске қатысқандардың барлығы анықталғанын хабарлады.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелеске 13–14 жастағы жасөспірімдер қатысқанын мәлімдеді. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Жасөспірімдер ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды, ал жинақталған материалдар тиісті шара қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың ата-анасы балаларды тәрбиелеу, оқыту және асырау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 мамыр, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.