Атырау, 20 маусым 22:39
 дождьВ Атырау +33.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Мақат ауданында әйел адам көпірден құлап қаза тапты

518 рет қаралды

22 мамыр күні Мақат ауданында қайғылы оқиға болды. Бейресми деректерге сәйкес, күндізгі уақытта 68 жастағы әйел адам Мақат ауылын Байгетөбе ауылымен жалғайтын жаяу жүргіншілер көпірінен құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келгенімен, әйелді аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазіргі уақытта Атырау облыстық полиция департаменті ресми ақпарат берген жоқ. Қайғылы жағдайдың мән‑жайы анықталуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 мамыр, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.