Атырау, 28 желтоқсан 16:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Балықтарды босатыңдар

3 566 просмотра

– Қыркүйек айында Жайық өзенінде ақмарқа мен көксерке көп ауланады. Балықтың көп болатыны соншалық, ол балық аулайтын кооперативтерге де, әуесқой балық аулаушыларға да жетіп артылады. Алайда артельшілер өзенді бір жағадан екінші жағаға салынған үлкен аулармен қалқалап тастайтындықтан, бірде-бір балық өтіп кете алмайды. Мұндай күндері спиннингпен немесе резіңкемен балық аулау пайдасыз. Балық аулайтын кооперативтерге қай күндері ау құруға тыйым салынатынын хабарласаңыздар екен. 

Сергей, әуесқой балық аулаушы

«Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС филиалының ғылыми хатшысы Елена БОКОВАНЫҢ айтуынша, балық аулаушылар балық аулайтын күндер деп балық демалатын күндерді атайды. Сол күндері сағада орналасқан балық аулау кооперативтері бүкіл балықты өзенге жіберулері тиіс. Бұл балық үйірлері өзен ағысымен жоғары көтеріліп, қыстайтын шұңқырларға кіріп алу үшін әдейі ойластырылған. Сол жерде ерте көктем бола салысымен, өзен суы уылдырық шашу үшін жеткілікті температураға дейін қызған кезде олар уылдырық шашатын орынға кетеді. Күзде Жайыққа көктемге қарағанда, анағұрлым көп балық келеді. Бұл кезде балықтың барлық түрі жүреді. Әсіресе, ақмарқа мен көксерке көп көшеді.

Балық «демалатын» күндер мыналар: қыркүйекте – 25, 26, қазанда – 2, 3, 9, 10, 16, 17, 23, 24, 30, 31, қарашада – 6, 7, 13, 14, 20, 21, 27, 28. Балықтың сағадан қалаға дейін және әрі қарай қыстайтын шұңқырларға көшу жылдамдығы өте жоғары болуы мүмкін. Елена Борисовна балық аулаушылардың бұл күндері міндетті түрде балық қабады деген пікірлерін теріске шығарды (кейде тіпті бос қармақты да қабады – М.С.). Бұл балық уылдырық шашатын орынға асығатын және көзіне түскенді «жейтін» көктемгі уақытта ғана болады екен. Күзде балық өзенге тоқ, қоңды күйде келіп түседі. Сондықтан да қорегін талғап жейді.

Дайындаған М.Сұлтанғалиев

Суретті түсірген В. Истомин

22 қыркүйек 2011, 20:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.