Атырау, 8 қазан 04:32
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Ауадан Менделеев кестесінің иісі шығады

4 762 просмотра

Атыраулықтар құрамында күкіртсутек пен азот оксиді көп ауамен тыныс алуда. Осы лас шығарындылардың бәрін қала маңында орналасқан кәсіпорындар, әдетте, кешкі және түнгі уақыттарда шығарады. Өкінішке орай, осындай жалпыға танымал фактілер таяуда өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында айтылды.

 

Шамасы, соңғы уақытта жергілікті билік атышулы өнеркәсіптік жобалардың ауқымдылығынан сәл ғана аяқтарын тартқан секілді. Иә, бұл жергілікті бюджеттерге жеңілдіктер, бұл мыңдаған жаңа жұмыс орындары ғой. Бірақ атыраулықтар қалай өмір сүреді, қалай тыныстайды?

Шамасы, облыстық әкімдік басқа екі қазақстандық зерттеу институтына атмосфералық ауа құрамы мен атыраулықтардың сырқаттану деңгейіне қатысты тапсырыс берген кезде осыны басшылыққа алған секілді. Бұдан басқа, ақылға қонымды (нашар ауа, ауру тұрғындар) осы зерттеулердің қорытындылары әкімдік жариялаған көгалдандырудың кешенді бағдарламасына қаржы салуы үшін ірі компанияларға соңғы дәйек болуы тиіс.

Өз баяндамасының басында «Атмосфералық ауаны қорғаудың республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директоры Рысты ҚҰТТЫҒҰЛОВА оның «Қазгидромет» РМК мен «Аджип ККО» және «АМӨЗ» ЖШС-нің ауа мониторингісінің автоматтандырылған 9 стансасы ұсынған мәліметтерді негізге алатынын хабарлады. Дегенмен, стансалардан алынған мәліметтер ведомостволық бағыныштылығына қарай бір-біріне қайшы келеді. Егер аджиптік мәліметтер зиянды заттектердің шектеулі мөлшерлі коэффициентінің артқанын тіркесе, АМӨЗ стансалары үнемі норманы көрсетіп тұрады.

Ғалымдар алдымен атмосфераны ластау көздерін түгендеп шықты. Бұлар 46 кәсіпорын мен 832 шығарындылар көзі.

Аджип ККО-ның ауа сапасы мониторингісінің автоматтандырылған стансалары мәліметтерінің талдауынан 2010 жылы Атырау қаласының ауасында күкіртсутектің үнемі артып отыратыны байқалған. «Облыстық әкімдік», «Восток» стансаларының мәліметтері бойынша, күкіртсутектің орташа айлық концентрациясы шектеулі мөлшер коэффициентінен әжептәуір асып кетеді екен. «Химпоселок» ауданында оның әсіресе кешкі, түнгі және таңертеңгі уақыттарда анағұрлым жоғары екендігі тіркелген. Азот диоксидінің болуы «Химпоселок», «Жилгородок» және «Телекоммуникациялық мұнара» аудандарында орналасқан стансаларды қоспағанда барлық стансалардағы дерлік мәліметтер бойынша көрсеткішті арттырған. Мұнда азоттың диоксиді бойынша арту саны «Привокзальный» мен «Шағала» стансаларында тіркелген.

Одан әрі қарай Р.Құттығұлова меркаптандардың мөлшері бойынша шектеулі мөлшерлі коэфиценттің (ШМК) көбеюі 2010 жылдың желтоқсанында «Шағала» қонақ үйі ауданында, «Восток», «Привокзальный», «Әкімдік», «Авангард» аудандарында орналасқан стансаларда байқалғандығын хабарлады. Атмосфералық ауаның жер асты қабатында мына заттектердің жоғары концентрациясы тіркелген: органикалық емес шаң-тозаңдар (68,3 ШМК – қысқы кезеңде, 542,4 – жазғы кезеңде); бензол (38,3 ШМК); күкірсутек (27,1 ШМК); ксилол (18,5 ШМК); толуол (16,1 ШМК); этилбензол (14,7 ШМК) және басқалары. Атыраудағы нашар ауа үшін басты жауапкершілікті ғалымдар да, билік өкілдері де АМӨЗ-на арта салады. Олардың пікірінше, атмосфераға 80% дейінгі күкіртсутек дәл осы зауыт аумағынан шығарылады. Басқа да ауаны ластаушылар қатарында «ҚазТрансОйл» АҚ АМБ, «Атырау ЖЭО» ЖШС және КТК бар.

Тағы бір фактор – автокөлік құралдарының шамадан тыс көптігі. Бәлкім, барлық автокөлік әуесқойлары соңғы айларда  жол қиылыстарындағы қолдарында жазба дәптерлері бар жас балаларды байқаған болар. Олар белгілі бір уақыт аралықтарындағы қала көшелерінің қозғалысын тіркеп отырды. Барынша қозғалыс деңгейі жоғары көше Азаттық даңғылы (орталықта) және Сәтбаев көшесі (көпірден Владмирский көшесінің қиылысына дейін) болды. Р.Құттығұлованың айтуынша, шағын қаламыздағы бес көпірдің болуы бұл жағдайда көп жеңілдік туғызып отырған екен.

Жер асты сулары мен топырақты зерттеу нәтижелері қапаландырады. Топырақ көбіне Балықшының өнеркәсіпті бөлігінде және Привокзальныйда, сондай-ақ, Восток және бұрынғы булау-шаю стансасы аралығындағы аймақта бүлінгендігі анықталды. Бұл жерде қорғасын концентрациясының жоғары екендігі аталды. Қысқасы, топырақ бүкіл Атырауда ауыр металдармен бүлінген: күшән концентрациясы 4,3 ШМК, мырыш- 2,2 ШМК, хром – 19,2 ШМК, меди – 18,3 ШМК.

Ғалымдар Атырауда тағы да бір жарым жыл жұмыс жасайтын болады. Екінші, яғни, медициналық зерттеу атыраулықтардың немен және неге ауыратындықтарын анықтауға тиісті.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

23 маусым 2011, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.