Атырау, 26 қараша 04:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қарғалар да өмір сүргісі келеді

4 212 просмотра

Күнде кешкісін ымырт үйіріле бастағанда бір уақытта қарқылдаған қанаттылардың тобыры бір жерге жиналады. Құстар бір-біріне жақындап суық мұзға қонақтап отырады. Орталық көпірден олар тірі қара кілем секілді көрінеді. Өтіп бара жатқан жүргіншілерге құстар тіпті назар аудармайды да. 

Әр кеш сайын құстардың бас біріктіруі тек бізді ғана емес, оқырмандарымызды да қызықтырыпты. Былай қарасаңыз бәрі де түсінікті секілді – сол маңда балықшылар балық аулап отыр, бәлкім, суыққа тоңған аш қарғалардың ауыздарына да бірдеңе ілініп қалар дерсің. Алайда балықшылардың өздері де таң қалады. Қарғалардың бірде біреуі мұзойыққа жақындамайды да, балыққа да тілемсектенбейді екен. Оның үстіне ұсақ балықтарды аулайтын ойықтар да байқалмайды. Басқалар болса қарғалар ауырып жүрген шығар немесе қазіргі суық аязда аздап жылынып алу үшін бірге бас қосатын болар деп жорамалдайды. Ендеше неге мұз үстіне жиналады? Ағаш басында отырған анағұрлым жылы емес пе? Мұның мәнісі неде?

Құстардың жұмбақ әрекетін эпизоотология және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу зертханасының меңгерушісі Федор САРАЕВ түсіндірді. «Қалада соңғы кездері үкілер санының көбейгені байқалады. Ал қарғалар (олардың арасында ұзақтар болуы да мүмкін) осындай қызық әдіспен қорғануға әрекеттенеді, - дейді ол. – Шамасы, оларға түнгі жергілікті «аңшылар» шабуыл жасаған болуы керек. Үкі ың-шыңсыз ұшатын құс, қарғалар ұйықтап жатқанда бірнеше қарғаны сүйреп әкеткен болуы мүмкін. Өз қауіпсіздіктерін мақсат еткен осынау ақылды құс ашық кеңістікті іздейді. Бұл жағдайда олар жақындап қалған қауіпті көретін және қатер төнген кезде ұшып кетуге қолайлы мұзды таңдаған. Ал түн қараңғылығы басталғанда, егер өмірлеріне қауіп жоқтығына сенімді болса ғана, қарғалар ағаштарға қонақтайтын болар».

Анастасия ПАСТУХОВА

9 наурыз 2011, 21:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.