Атырау, 26 қараша 19:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қоршаған ортаны қорғаудың «қызық»тәсілі

7 714 просмотра

Бұл жолы тағы да пластик туралы, нақтырақ айтқанда полиэтилентерефталат жөнінде айтпақпын. Бұған себебім де бар. Өйткені 5-маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.

Химиялық және биологиялық төзімді материал саналатын  полиэтилентерефталаттың өте жағымсыз ерекшелігі бар екен.  Қоқыс ретінде оны мәңгі жасайды деуге болады. Ол шірімейді, таттанбайды, ауада тотықпайды. Өте уытты заттектер түзіп жанады. Оны екінші қайтара пайдалану қиын. Оны өңдеу жабдықтары қымбат тұрады, қоқыстарды да сұрыптау қажет. 

 АУЛА СЫРТЫНДАҒЫ «КӘУАП»

Тәжірибе барысында «ақымақ бас екі аяққа маза бермейді» деген мақал әлденеше рет ойыма оралды. Дегенмен, қолыма алған ісімнің орайы келді. Түтіндетіп, алаулатып, табиғат аясында (редакцияның артқы ауласында) оған еш зиян келтірместен тәжірибемді жасап шықтым. Алайда қаламаған нәрсеңді жасау оңай емес. Ең қиыны - әлденені істеуге кежегеңнің кейін тартуы екен. Осы тәжірибем туралы айтқан кезде, кейбіреуі «сол бөтелкелеріңді қоқысқа лақтыршы, ойыңнан шығарып таста» деп, қолдарын сілтеген болатын. Ал мен лақтырмай, оларды бейтараптандырдым. Үстімнен кәуап қақтағандай түтін сасыса да, жаным жай тапты. Есесіне алуан пішіндегі жиырма шақты баклажка менің көз алдымда кішкене тарелкенің көлеміндегі құймақ секілді жайылып қалды.

Бар болғаны:

1.Шағын ғана цилиндрыдыс, әсіресе стандартты баклажкаларды балқыту үшін сүт бидоны жақсы (кеңестік дәуірдегі ауыр өнеркәсіп шығарған мұндай бұйымдар әр шоланда бар). Тот басқан шелек те барады, тіпті болмаса, компоттың қаңылтыр банкасы болса  да жетіп жатыр;

2. От жағу;

3. Пластик қалдықтар керек.

Бұл қыдырыстан қалған қоқыстарды – полиэтилен пакеттерді, бір мәрте пайдаланатын ыдыстарды, бос бөтелкелерді және сенбіліктерде немесе бір жерлерде жиналып қалған пластик қоқысты жарату үшін де жақсы әдіс.

Бұл идея новосібірлік эколог, химик-практик СергейПАЩЕНКОНЫҢ еншісінде. Ғаламтордағы форумдардың біріне ол «Жағажайларда, қоқыс орындарында, ормандарда, тұрғын үй массивтеріндегі пластмасса бөтелкелерді пайдаға жарату» деп аталатын жарияланымын орналастырған.

«Осы құрылғы арқылы пластик бөтелкелерді қоршаған ортаға зиян келтірместен пайдаға асыруға болады. Енді оларды өртеу емес, балқыту керек. Сонда пластиктен қауіпті органикалық қоспа бензапирен бөлінбейді, - деп жазады РҒА Сібір бөлімшесінің химиялық кинетика және жану институтының аға ғылыми қызметкері С.Пащенко. - Бензапирен – адамзатқа белгілі ең қауіпті канцерогендердің бірі. Цитология мен генетика биологтары оны өкпенің қатерлі ісігін алу керек болған кезде тышқандарға егеді...».

Пащенконың тұжырымы бойынша, пластикті 210-нан 250 градус Цельсийге дейін балқыту қоршаған орта үшін зиянсыз екен.

Мұндай температураға қалай қол жеткізуге болады? Салыстыру үшін - таба астында жанған конфорканың температурасы 500-700 градусқа дейін жетуі мүмкін. Бұған көмірді кәуап пісіретіндей етіп қыздыратын жалынды от жеткілікті. Ең қиыны – түбін тегістей қыздыру. Міне, сондықтан жіңішке цилиндр ыдысты пайдаланған жақсы. Пащенконың айтуынша, «ыдысты кішкене ғана жалынмен тегістей қыздыруға әрекеттену техникалық тұрғыда анағұрлым қиын. Пластмассаның аэрозольді-түтіндеп жануы немесе үлкен ыдыста синтез газдың тұтануы мүмкін».

 

ШЕБЕРЛІК КЛАСЫ

Ең қиыны – сабырлылық танытып, алғашқы бөтелкені асықпай балқыту. Ол жабысқақ қоймалжыңға айналып, бүкіл ыдыстың түбіне жайылып, қайнағанша күту керек. Балқытудың өртеуден айырмашылығы – ешқандай өзгеше иіс болмайды. Қоймалжың қайнаған кезде ондағы бөтелке жылы алақандағы қар түйіршіктері секілденіп еріп кетеді екен. Бес литрлік баклажка бір минут ішінде балқып кетті. Ал бір жарым литрлік баклажкаға 20 секунд та жеткілікті болды. Қыздыру температурасы біркелкі болуы үшін түзілген массаны үнемі араластырып тұрған жөн. Мұндай тәжірибе үшін қолайсыз кеңсе ауласының ішінде жиырма шақты бөтелкені, бір мәрте пайдаланатын он шақты стаканды және бір төбе полиэтилен қалталарды жарты сағат ішінде балқытып үлгердік. Егер икемделсек және анағұрлым лайықты жерде жүзеге асырсақ, идея авторының жылдамдығы (1 бөтелке/10 секунд) мен ептілікке қол жеткізуіміз қиынға түспес деп ойлаймын. Орташа алғанда Пащенкосағатына 300-ден асабөтелке балқытады екен. Егер

көп қоқыс балқытылатын болса, әлсін-әлі ыдысты босатып отыру керек. Ол тез суып кетеді. Немесе оны балқытылған ыдыстың өзінде қалдыруға болады. Ол толықтай суыған соң жеңіл алынады.

 

ОЛ ҚОҚЫСТА ДА ЖАНБАЙДЫ

Бұдан не қорытуға болады?

Қалдық көлемі азайып, кеңістік үнемделеді. Балқытылғаннан кейін ыдыстың көлемі жүз есе болмаса, он есе кішірейеді. Яғни, екі үлкен қалтаға сыймайтын бөтелке массасын суығаннан кейін орташа алманың мөлшеріндей етіп алақанға жұмарлауға болады.

Экологиялық жағынан алғанда, бұл өте инертті, ылғал жұтпайтын, биологиялық қауіпсіз масса: «Түтік тәрізді құрттардың биотесті судағы осы массаның үстінде бір айдан астам уақыт тұрған». Бұл терминді біздің тілімізге аударғанда: нәзік және ортаға өте талғампаз түтік тәрізді құрттар осы массамен тікелей байланыста жақсы өмір сүрген.

Пащенконың растауынша, біз үшін ең бастысы – қайта балқытылған пластик жанбайды: «Қоқыс орындарында енді өрт болмайды, өйткені бұл массаны өртеу мүмкін емес».

Идея авторының соңғы дәрісі: «Қайнап жатқан массаның бетінде су буынан басқа ұшпа қоспалар байқалмайды. Орташа ұшпа және аз ұшатын компоненттерді сұрыптау вакуумдық сұрыптағыш әдісімен 1 текше метрге 10**(-9) граммға дейінгі сезімталдықта жүргізілген. Бұл тұрғын аймақтың ауасындағы бензапирен бойынша шектеулі мөлшер коэффициентіне сайма-сай. Бұл жерде техникалық бір детальдің маңызды екенін айта кетейін. Бидонның диаметрінен оған салынатын бөтелкенің диаметрі анағұрлым кішкентай болуы тиіс (екі еседен аспау керек). Кең ыдыста, бакта, бөшкеде осындай әдісті жүзеге асыру (бірден он шақтысын лақтыруды кім қаламайды дейсіз) кезінде жағымсыз жайттар орын алуы мүмкін. Синтез газ жалындап, пластмасса тегіс балқымай, тотықтырғыштың - атмосфералық оттектің көптігінен пластмассаның тотығуы есебінен зиянды компоненттері бар аэрозольді ақ өнім шығуы мүмкін».

 

ХИМИЯ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК

Мен ешқашан химия ғылымына берілген жан емеспін. Химик Пащенкомен виртуалды болса да ғылыми пікірталас туғызуға мектеп курсындағы білімім жеткіліксіз. Сондықтан  академик Мұфтах ДИАРОВТАН сұрауды жөн көргенбіз.

Алайда ол өзі тәжірибе жасамағандықтан баға беруден бас тартты:

- Мен мұндай тәсіл туралы естіген жоқпын. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жасап, процесті зерттеп, қорытындысын күту керек. Іс жүзінде ненің бөлініп, ненің бөлінбейтінін кім біліпті?!

Пащенко бұл тестінің БҰҰ-да бекітілгендігін растап отыр. Бұл мәлімдемені оның өзінің ар-ұжданына қалдырайық. Ал экологтар не дер екен?

- Мен пластикті толтырма ретінде қайтадан пайдалану жөнінде көптеген тәсілдерді естідім, - дейді олардың бірі. – Пайдаға асырудың осы тәсіліне келер болсақ, мен химик емеспін, оның зияндылығы немесе залалсыздығы жөнінде дауласа алмаймын. Алайда  екі жамандықтан кішісін таңдау керек болса, мен қолдаймын.

Зейнеткерлікке шыққан еңбегі сіңген тағы бір химик былай дейді:

- Балқытқан кезде пластик ештеңе бөлмеуі тиіс. Бұл қарапайым полимер ғой, яғни, осы тізбектегі көміртек пен сутек қана. Осынау бейтарап масса тұтанатындай температураға дейін бейтарап күйде қалады. Бірақ бірден айтып қояйын, бізде Қазақстанда мұны ешкім де жасамайды. Мұндай мемлекеттік саясат жоқ. Мысалы, мен істемеймін. Не үшін істеуім керек? Бұл тиімді емес. Ол үшін кім маған ақша төлейді? Мемлекет тарапынан уәж керек. Мемлекеттің өзі қайталап өңдеу туралы заң шығарсын, қайталама шикізат бизнесін қолдасын, халықты пластик тапсыруға міндеттесін... Бізде ештеңе де жасалмайды. Бізде тек инновациялар туралы ғана айтады, бірақ ештеңе де болмайды. Болған нәрселердің бәрі құртылды. Егер әлдекім қолға алғысы келсе, оны аяқтан шалады. Жүйе сондай, саясат оған жол бермейді, жайпап тастайды. Оны шет жерге шығарған тиімді. Солай шетке әкетеді де. Құлсарыдан шетелдіктердің пластмасса қабылдау қосынын ұйымдастырып, осы жерден жинап алып, өздеріне әкетіп жатқанын көргенім бар...

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген В.Истомин

 

Бас Ассамблея өз қарарында мемлекеттер мен БҰҰ жүйесінің ұйымдарын жыл сайын 5-маусымда қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға атсалысатын шаралар өткізуге шақырады.

2 маусым 2011, 03:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.