Атырау, 26 қараша 22:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қоқыс тағы өртенді

3 767 просмотра

Өткен бейсенбі күні қалалық қоқыс орыны тағы да өртенді.  Бұл жолы қалалықтардың жолы болды: жел өрт жалыны мен түтінін қалаға қарама-қарсы бағытқа ұшырып әкетті.

Қоқыс орыны өртенуден бір күн бұрын қалалық қоқыс орыны ауданында орналасқан табиғат пайдаланушы компаниялардың бірінің басшысы маған өзінің табиғатқа келтіретін зияны үшін көп ақша төлейтіндігіне шағымданды. Ал, жылдың 300 күнінде ауаны бықсыған түтінмен бүлдіретін қалалық қоқыс оның кәсіпорынына қарағанда қаланың экологиясына айтарлықтай залал келтіреді екен.

- Біз туралы барлығы жазады, айыппұл төлеттіруге мәжбүрлейді, ал, қоқыс орыны мемлекеттік, сондықтан ба оған ешкімнің тісі бата қоймайды, - деп кейістік білдірді менің әңгімелесушім.

Жалпы біз қоқыс орынын аракідік «мазалап» қоямыз, бірақ онымыздан шығып жатқан нәтиже жоқ. Бәлкім, таяу уақыттан бері Атырау экологиясын зерттеумен айналысуды қолға алған Р.Құттығұлованың басшылығымен келген республикалық атмосфералық ауаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығы ғалымдарының тобына біздің ауамызда диоксиндердің бар-жоғын зерттеу керек шығар. Диоксин – бұл күшті органикалық бүлдіруші ретінде танымал болған  қауіпті химиялық заттек. Олар адамның гормоналдық жүйесін бұзады, иммун жетіспеушілігіне әкеледі, әйелдер сырқатының өсуіне жол береді және балалар өлімі мен мүгедектігіне соқтырады, бала тууды төмендетеді.

Қоршаған ортаға диоксиндерді шығаруға негізінен кінәлілер қалдықтарды толық жағып жіберуге мүмкіндік туғызбай отырған бақылаусыз қалған қоқыс өртегіш қондырғылар деп есептеледі. Сондай-ақ, естеріңізде болса, Р.Құттығұлованың соңғы жасаған баяндамасында ол Атырауда топырақтың ауыр металдармен бүлінгендігін және олардың қоршаған ортада қоқыс өртенгеннен кейін құрамының артатындығын хабарлады. 

Қалалық қалдық орыны иелігіне кіретін «Арнаулыавтобаза» КМК директоры  Дулат ТҰРҒАМБАЕВ өрттің орын алу фактісін жоққа шығармады.

- Мен оны жасырмаймын да. Әзірге бізге жанып жатқан учаскені байқағанша, желдің салдарынан от көрші учаскеге лап қойды. Бүгін кешке (әңгіме жұма күні болды) өртті міндетті түрде өшіретін боламыз. Бізге экологиядан да келіп, айыппұл саламыз деп қорқытты. Ал, мен оларға, сіздерге айтқандай, қоқыс орынының баяғыда-ақ пайдаланудан қалғандығын айттым.

Жаңа қоқыс орынының құрылысы бірнеше жылға созылды. Құрылыс жұмыстарына 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, оны «СнабОйл» ЖШС салып жатыр. 

- Жаңа қоқыс орынының құрылысы не болып жатыр? Ол біздің осы проблемамызды түбегейлі шеше ме?

- Аяқталуы жақын. Алайда, мен жобаға қатысты біраз ескертулер жазып қалдырдым. Жаңа қоқыс алаңындағы жұмыс үдерісінің ескі орындағы қолданылып келген әдістерден айтарлықтай айырмашылығы жоқ деуге болады. Ескідегі секілді барлық қоқыс: органикалық және қатты қалдықтар жинақталып қойылады да үстіне топырақ төгіледі. Айырмашылығы сол, қоқыс төгінділерінен жер қабатында пайда болған қоқыс газын жинақтау арқылы оны тұрмыстық мақсатта қолдану жоспарланып отыр.  Жоба бойынша онда ағынды сулар үшін дренаж және үш жинақтағыш қарастырылған. Алайда, болашағы қайта өңдеуде жатыр. Құрылысына көп шығын жұмсалған жаңа қоқыс орыны пайдалануға берілгеннен кейін қалалықтар үшін тарифтер 5 есеге дейін өседі. Ондай жағдайда қоқысты қайта өңдегенде шығындардың орынын толтыруға болады. Қалдықтарды құр босқа өртегеннен органикалық қалдықтардан тыңайтқыштар алу әлдеқайда тиімді. Ал қайта өңделген шикізатты сатуға немесе қайта өңдеуге болады. Мұның бәрін біртіндеп жасау керек. Алдымен органикалық заттарды қайта өңдеуді жолға қою керек, содан кейін кезең бойынша қалғандарын жүзеге асыру қажет. Барлығын бірден жасауға тырысудың керегі жоқ. 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының бастығы Бауыржан ЖАЙСАНОВ облыстық әкімдікте қалдықтарды қайта өңдеу қажеттілігі төңірегінде  мәселе қаралғандығын растады, алайда, мәселенің мән-жайына тоқтала қоймады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

14 шілде 2011, 01:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.