Атырау, 22 желтоқсан 00:42
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда

Теңізде екі жұмысшы қаза тапты Атырауда

Теңізде екі жұмысшы қаза тапты

Бүгін, 6 шілдеде, таңертеңгі сағат 10 шамасында Теңіз зауытының Үшінші буынды құрылыс алаңында қысымды сынау кезінде құбыр жарылған. Апат салдарынан «Сенімді құрылыс» ЖШС-нің 37 жастағы екі жұмысшысы қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды.  Бейнежазба 6 шілде 2022, 14:48 2 009 рет қаралды
«Бірқатар мамандық бойынша оқу ақысы төмендеді» Атырауда

«Бірқатар мамандық бойынша оқу ақысы төмендеді»

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз қызметі оқу ақысының төмендегенін хабарлады. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру бойынша АГУ-ге қатысты монополияға қарсы тергеу жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат таратқан болатын. Университеттің баспасөз қызметі қазір жағдай басқаша екенін атап өтті. 5 шілде 2022, 15:22 1 256 рет қаралды
Жел облыстық перинаталдық орталық шатырының бір бөлігін ұшырып әкетті Атырауда

Жел облыстық перинаталдық орталық шатырының бір бөлігін ұшырып әкетті

4 шілде күні сағат 20.00 шамасында Атырауда қатты желдің салдарынан облыстық перинаталдық орталық шатырының бір бөлігін, атап айтқанда, бес қабатты «Б» корпусының 500 шаршы метрін ұшырып әкетті. 5 шілде 2022, 15:59 987 рет қаралды
Мамандар «Безымянный» көлінен судағы оттегі мөлшері мен су тереңдігін тексерді Атырауда

Мамандар «Безымянный» көлінен судағы оттегі мөлшері мен су тереңдігін тексерді

Бұл туралы облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы Орынбасар ӘМІРЖАНОВ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Сурет 4 шілде 2022, 15:01 1 356 рет қаралды
Құс тұмауынан қорғау: тауықтарды вакциналап, жабайы құстарды атады Атырауда

Құс тұмауынан қорғау: тауықтарды вакциналап, жабайы құстарды атады

ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Атырау облысына құс тұмауына қарсы вакцинаның 6,2 мыңнан астам дозасын бөлді. Бұл NCOC компаниясына тиесілі Қашаған кенішінің екі жасанды аралында жақында 2750 шағаланың қырылуымен тікелей байланысты. 24 маусымда ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығынан өлген құстардың сынамаларынан «АН5 құс тұмауы» бойынша оң нәтиже анықталғаны туралы жауап алынды. Толықтырылды 4 шілде 2022, 18:49 1 156 рет қаралды
Жаз: мигранттар легі ағылуда Атырауда

Жаз: мигранттар легі ағылуда

Атырауға шетелдік мигранттар легі ағылуда. Олар бірнеше аптадан бері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының табалдырығын тоздырып жүр. Дәл осы жерде қазір «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Атырау облысы бойынша көші-қон бөлімі орналасқан. Айта кету керек, бөлім ол жаққа 25 мамырда Авангард-2 ықшамауданынан көшіп келген. Сурет Бейнежазба 4 шілде 2022, 18:08 1 901 рет қаралды
​АГУ-де оқу ақысы тым жоғары ма? Атырауда

​АГУ-де оқу ақысы тым жоғары ма?

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты монополиялық жоғары бағалар белгілеу және ұстап тұру тұрғысында монополияға қарсы тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. 4 шілде 2022, 19:11 1 481 рет қаралды
Атыраудағы қарақалпақтар: сыпырғыш пен кірпіш қана емес Атырауда

Атыраудағы қарақалпақтар: сыпырғыш пен кірпіш қана емес

«АЖ» мәліметінше, 1 шілдеде Өзбекстан Конституциясына Қарақалпақстанды егемендіктен айыру туралы түзетулерге наразылық білдірген 40-қа жуық адам Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңына шықты. Оларды полиция ұстаған, өйткені митинг өткізуге қала билігі рұқсат бермеген. Бейнежазба 3 шілде 2022, 15:20 2 110 рет қаралды
Қайта көбейе бастаған ба? Атырауда

Қайта көбейе бастаған ба?

Соңғы үш айда Атырау облысында COVID-19 инфекциясы тіркелмеген, бірақ қазір жағдай біршама өзгерді. 21 маусымда бір жағдай, 30 маусымда 5 жағдай (Атырау қаласында 2, Жылыой ауданында 2 және Құрманғазы ауданында 1) анықталды. 2 шілде 2022, 11:55 1 371 рет қаралды
Порталдағы жасанды бағалар Атырауда

Порталдағы жасанды бағалар

Атырау облысында соңғы бір жарым жылда 103 мемлекеттік орган мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарлар мен қызметтердің бағасын жасанды түрде өсірген. Білім беру (15) және денсаулық сақтау (13) салалары көзге түсті. Бұл туралы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан ДОСАНОВ мәлім етті. 1 шілде 2022, 14:17 1 233 рет қаралды
Атырау-Астрахань трассасын тапсыру мерзімі тағы шегерілуі мүмкін Атырауда

Атырау-Астрахань трассасын тапсыру мерзімі тағы шегерілуі мүмкін

Атырау - Астрахань тас жолын қайта қалпына келтіру барысында мердігер компанияларда тауар вагондары жеткіліксіз болғандықтан қиыршық тас жеткізуге қатысты проблемалар туындады. Осы себепті Атырау – Астрахань трассасын тапсыру мерзімі кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды. Сурет 1 шілде 2022, 16:00 1 447 рет қаралды
Жарты тонна қызыл балықты тастай қашып, бой тасалады Атырауда

Жарты тонна қызыл балықты тастай қашып, бой тасалады

Атырауда қос моторлы «Байда» қайығын тастап қашқан үш браконьер іздестіріліп жатыр. Бұл 25 маусым күні түнгі сағат 3-те Дамбы ауылында болған. Рейд барысында балыққорғау инспекторлары қайықты тапқан. Бірақ браконьерлердің өзі қараңғылықты пайдаланып, ғайып болған.  30 маусым 2022, 12:59 1 637 рет қаралды
Доссорда мұнайшыларға қызмет көрсететін көлік қызметкерлері бес күннен бері наразылық танытуда Атырауда

Доссорда мұнайшыларға қызмет көрсететін көлік қызметкерлері бес күннен бері наразылық танытуда

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінде «BuildServiceCom» ЖШС-не көліктерін жалға бергендер мен көлік жүргізушілері еңбекақыларының кешіктіріліп жатқанына наразылық білдіріп, бірнеше күннен бері жұмысқа шықпай отыр. Наразылық акциясы 27 маусым күні басталған. Толықтырылды 30 маусым 2022, 17:45 1 673 рет қаралды
Әбділда Мұқашев атындағы сыйлықтың иегері – «АЖ» журналисі Айнұр Сапарова Атырауда

Әбділда Мұқашев атындағы сыйлықтың иегері – «АЖ» журналисі Айнұр Сапарова

28 маусымда «Ақ Жайық» газетінің негізін қалаушы Әбділда МҰҚАШЕВ атындағы Қазақстан Журналистер одағы мен «Ақ Жайық» газеті редакциясының бірлескен сыйлығы табыс етілді. Бұл сыйлық ол өмірден мезгілсіз өткелі төртінші рет табысталып отыр. Бұл жолы «АЖ» журналисі Айнұр Сапарова сыйлықтың иегері атанды. 29 маусым 2022, 10:40 1 567 рет қаралды